Соғыс біткен 1945 жылдың жазы еді. Енді ғана мамыражай тірлікке енген “Қызыл теңдік” колхозының қойшылары Балқаш мал жайылымына көшіп келген. Мектепке әлі ілікпеген баламыз. Немере-шөбереден қашық кетпеген Ақмағанбет әкеміз Сарысу жақтан тайыншадай көкқасқа тазыны ертіп келді. Ауылдың бар иті шуылдап қарсы алғанда олардың біріне мойын бұрмаған жүндес, кеудесі жер сызған, жуан қайқытұмсық, тебінгідей шашақ құлақ тазы ескі кигіздің үстіне жата кетті. Ауылдың үлкендері Әбеу, Көкжан, Мақыш, Әуесхан, Ыбырахым, Есімғали ақсақалдар да келе қалған. Малдас құрған әңгіме. Бала болсақ-та құлағымыз соларда. Көкқасқа тазыны айналдырып өткен Көкжан ақсақал: “Сол, сол тұқым ғой”, – деп қалды. Жасы тоқсанды еңсерген Әбеу атамыз болса: “Көрдік қой бұларды. Баяғыда Ақжан, Жолдан секілді болыс-билерде болушы еді. Әлі бар екен тұқымы. Қасқырды лақша лақтырушы еді”, – деп күрсінген. Әңгіме одан әрі өрістеп, мына Шет ауданына басшы болған Тоқтаров дегеннің де осы иттің бірін ұстағанына ауысқан-тын.
Біздің үйден де ит үзілмеген. Ғазиза әжем тіпті сонау 32-ші жылы Сарғұс деген итіміз болғанын айтатын. Онан кейінгі Ақтырнақ пен Көкдауылды көрдім. Көкдауыл да ірі тазы еді, бірақ мына Көкқасқадан аласалығы көрініп-ақ тұр!
Көкқасқа ауылда ұзақ тұрмады. Мақаңның Серперіне қарықтырған соң иесі алып кетті. Серперден жалғыз арлан күшік, тағы төрт ұрғашы туған. Арлан күшікті “Гүлденсін” колхозының басшысы Тәйім аттай қалап алды.
Күз туа қосаяқ аулаймыз. Басшымыз Қамажан мен Әлі есімді бозбалалар. Айтақырдан ін тауып, біреуін ғана қазамыз да басқасын бекітіп тастайтын едік. Содан қашқан қосаяққа күшіктерді қосатын. Бұл тышқан жүйрік те айлакер пәле. Шолтаң еткен ақ құйрығын бір жаққа сілтеп тастап, кері бұрыла зытқанда күшік біткен бір-біріне соғылып, соңынан жүгірген балалар да үйме-жүйме жығылып жатқаны. Мұндай қызыққа үлкендер де жиналатын еді. Иттің алғашқы ауыздануы да осыдан басталатын.
Тазы кім көрінгеннің маңдайына бітпеген асыл тұқымды ит. Ол кімнің де болса ата-бабадан үзілмей келе жатқан тектілігіне сай, даланың сері көңілін түсіне білетін өр намысты, паң да салтанатты, білімді-білікті биік жандар ғана ұстай алатын ерекше қазына. Тазыны қазақтың ерекше қастерлейтінін көзіміз көрді. Саурық деген ақсақалдың тазысы төрде ғана жататын. Жасаулы дастарқанға мойнын да созбай иесі алып берген дәмді қанағат тұтып, сырбаз мінез танытушы еді. Әуезхан ағамыз Бассал деген тазысын ерекше сәндесе, оның әкесі Мырзақожаның тазысына күміс қарғы тағатынын естіп өстік. Ал бұлардың құны деген қыздың қалың малына пара-пар екен. Оны Бесата елі ішінде қарындасы үшін берген қалың малын қайтарып тастап, тазыны қалап алған шындықты мен “Көкқасқа” деген әңгімемде жазған едім.
Түстігі мен терістігі екі мың шақырымға жуық жерді алып жатқан Қазақ елінде тазының негізінен екі түрлі тұқымы тараған. Бірі оңтүстіктің аса жылы табиғатына бейімделген тұрқы да шағындау тықыр тазылар. Тап осындай тұқымды К.Плахов Алматыда асырап отыр. Оны 1991 жылдан асырай бастағанын әңгіме арсында сөз етті ол. М.Әлиев деген кісінің Шәуілдірден әкеліп берген Арыс атты қаншығын Аққұс атты арланмен шағылыстырып, Таймасты алса, Арыс пен қырғыз иті Ламаны парлап Аларман атты ит өсірген. Қолындағы бар ит осылардан тараған. Бұлар түлкі-қояндық жеңіл тазылар. К.Плаховтың Арқаның алпауыт тазылары туралы түсінігі шамалы. “Қазақ иті қасқыр ала алмайды”, дейді. Бұл бекершілік.
Тазының екінші түрі ірі, жүндестеу, салқы төс, шашақ құлақты Арқа тазылары. Бұлар жүйріктігі жағынан ешбір елдің итінен кем емес. Ал қасқыр алатындарының өзі екіге бөлінеді. Біреулері тек қана тартады, яғни, жеке айқасқа шығуға күш кемдеу, сол себептен қасқырды тірсектен жұлқа тартып, құтылып кетуіне жол бермейді де аңшылардың соғып алуына мүмкіндік туғызады.
Ал бұлардың алпауыты – сырттандар. Олар бөріден тайсалуды білмейді, жеке айқасқа түсіп, күші мен айласының басымдылығын танытып, қасқырды өлтіріп тынады.
Міне біз осы тазылар туралы сөз етпекпіз.
Бұл жерде: “Тазыны қай елде көруге болады?” – деген сөз де туындайды. Менің ойымша оны өткен ғасырларда Шығыс елінің бекзадалары ұстап баққан: 2007 жылы Меккеге қажылық сапарға барғанымда Мина тауының етегінен ақ сирақ тазы көзге түсті. Ірі екен. Бірақ сол елдің табиғатына ыңғай жүні тықыр, ашаң.
Сонан соң орыстың “борзый” деп жүргені де бар. Бұл итті біреулер кешегі дәуренді заманында татар, башқұрттар ұстаған деп жүрсе, кейбіреулер Еуропа жұртына телиді. Шығу тегін айрықша зерттеу қажет. Борзыйды қанша мақтағанымен сырттандардай бола алмайды. Ұзақ жүріске, ат тізесіне шыдамайды. Аттың тұсарлығынан қар бар уақытта оншақты шақырымнан кейін-ақ сыр бере бастайды. Ал Арқа тазыларымен кейде 50-60 шақырымдық жолға шығып кете береміз.
Арқа тазыларының сақталуы да ХХ ғасырда қырғынға ұшыраған қазақтың тағдырынан кем емес. Ұлы Мұхтар Әуезов ерекше қастерлеген Ерейментаудың Сарықасқасының тұқымын да кездестіру қиын. Өткен ғасырдың басында ағылшынның Спасск зауытында жұмыс істеген Әубәкір деген қазақтың екі бірдей үй тігіп, Арқаның қасқыр алатын сырттандарын асырап, елге таратып келгені тектілігінің белгісі, шымырлап қайнаған намыстылығының айрықша көрінісі екені дау тудырмаса керек-ті. Әттең, кешегі қызыл белсенділердің заманында бұл іс жалғасын таппады. Бәрін құртып тынды.
Бірақ тазының бұл тұқымын сақтауға тырысқан жанкүйерлер де бар еді. Өткен ғасырдың орта шенінде Тоқсанбайдың Әубәкірі деген ақсақал бітімі бөлек Сарықасқа тазыны ұстап жүрсе, онан кейінгі тұста Қиынбектің Зейнелі, Сәрінжіптің Бәдені де көкжалдан тайсалмайтын сырттан ұстады. Бірақ бұлардан тұқым тараса да қаншығының сай болмауынан ерекше қасиетін жоғалтты.
Тазының осындай алпауыт тұқымының сақталуына ағайынды Қайыржан, Әміржан есімді жігіттердің еңбегі айрықша. Сексенінші жылдары күшігінен асыраған Ақазу деген тазысынан Тұйғынды таңдап ала білген. Тұйғынның жекпе-жек айқасып алған қасқырларының саны есепсіз десе болады. Бір күнде екі қасқыр алған жағдайын көзіміз көрді. Одан туған Таймас атты күшік біздің қолымызға түскен еді. Енді, міне, осы Таймастан тараған ұрпақ Қазақ елінің сан түкпіріне кетіп жатыр. Әміржанның Тұйғыны тоғыз айлығында қасқыр алса, Жәкеңнің Желқұйыны үйіне жете көкжалды басып қалған. Таймас бір өзі үш қасқырмен алысқанда ауылдың тықырлау төрт-бес иті қашып қарасын жоғалтқанын көзіміз көрген. Таймастың ұрпағын Мұхтар Құл-Мұхаммед, Бекболат Тілеухан, павлодарлық Әскер Нүркенов, Елдос Асылғазин, осы Қарағанды облысының Ақтоғай, Жаңаарқа аудандарының азаматтары алып асырап жатыр. Ол ол ма, Батыс Қазақстанның Орал қаласынан Әділбек Құрманғажин телефон шалып, ол жақта тазы тұқымы құрып кеткенін айтып, өткен жылы бір күшігін алған еді, сол жеті айлығында он айлық бөріні бас салып талап тастағанына риза болып, қуанышын бөлісті.
Осы өткен күзде Айғыржал тұрғыны Әділ Маясартегі Таймастың бір баласы, (оның да аты Таймас) көкала тазысының бірімен-бір айқасып қасқыр алғанын видеотаспаға түсіріп алыпты. Ол енді бұл тұқымды көбейтудің шарасын ойлап отыр. Қасқыр алатын осы алпауыт тазыларды Қоңыр ақын, Ізтілеу, Боранбай, Марат деген азаматтармен қатар Ақжал кентінің басшысы Сәкен Қойшанұлының да асырап отырғаны дәтке қуат.
Әрине, тек дәтке қуат. Мұның бәрі құрып кетуге айналған Арқаның сырттандарын сақтап қалуға жасалған алғашқы қадамдар ғана. Ата-бабаларымыз әспеттеп ұстап, мақтан тұтқан тазының тұқымы бұл күнде жойылудың аз-ақ алдында. Батыс Қазақстанда тазы жоқ, ондай иттің бар екеніне елді сендіре алмадым деп Әділбек зар қақсаса, өз басым қазақтың жоғын жоқтаған Қаз дауысты Қазыбектің елі Егіндібұлақтың маңындағы ауылдарды аралап, ең болмаса ши тазыны да көре алмадым. Қарқаралының ең арғы ауылдарында ғана тазы кездессе, Бұқар жырау ауданында ол атымен жоқ. Исі қазақ мақтан тұтатын Ұлытау Арқаның сырттандарын аңсап тұр. Бұл жақта тазының құрып кеткеніне 30 жылдан асты дейді Құрман, Мағзұмбек достарым.
Тазының осыншама құрып кетуіне өзіміз де кінәліміз. Кешегі белсенділер заманында партком, профкомдар оны ұстаған жанды ескілікті аңсаушы деп күстәналады. Ату-асудан зәрезап болған халық итінен безді. Ал бүгін... Иә, бүгін біреудің жақсы тазысына у тастап кету, қапылыста “байқамай” ата салу белең алған. Бұл кешегі орыс отаршылдығының елді бір-біріне өшіктіріп, айдап салуының санаға сіңген сарқыншағы. Жақсыны көре алмау, оған қолынан келгенше қастандық жасау, өшпенділік психологиядан әрі арыла алмай келе жатқанымыздың көрінісі. Орыстың овчаркасына, шәуілдек қанденіне “у” тастапты дегенді естімейсің. Бәрі өзімізден. Тұмсық ауылында атақты арланға қарыққан қаншықты күшіктерімен қоса у тастап қырып салуға не жауап айтамыз?
Қазақтың айтулы тазыларын қазір тек текті, халықтың өнерін, ұлылығын түсінгендер ғана әр жерде асырап отыр. Бұл азаматтар түркімендер алабайын, қырғыздар тойғанын қандай мақтан тұтса біз тазыны да ұлт мақтанышы дәрежесіне көтерсек дейді. Тазыны қазақтың аңшы иті ретінде әлемге таныту іргелі мақсат. Павлодар мемлекеттік институтында кафедра меңгерушісі Т.Бексейтовтың “Аңшы иттері” атты пән енгізіп, дәріс оқытуы дұрыс...
Арқаның сырттандарын әспеттеп жатамыз, соның көрініс-бейнесі, өлшемі қандай деген де сауал түсіп жатады. Біз жазып отырған Таймас атты тазының биіктігі 81 см болса, кеудесінің орамы 90 см, мойын жуандығы 58 см, алдыңғы аяғының орамы 17 см еді. Мұндай кеуделі де ірі, жүректі ит көкжалмен тайсалмай айқасқа түсе беретін. Міне, осындай тазыны еуропалықтар қызығып алып кетіп өсіріп, поляк жерінде әр күшігін 80 мың еуроға сатып отырғаны енді өзімізге таң қаларлық іс болып отыр.
Әлем жұрты үнсіз мойындап, кейбір елдер өзіне меншіктеп алғысы келіп жүрген алпауыт тазылар өз отаны – қазақ жерінде қорғаусыз. Оны сақтайық деген ерекше қаулыны ел әлі естіп көрмеген. Көршілес қырғыздар тойған деп аталатын ит түрін қорғау туралы заңды күшіне енгізген. Ол елде оны атпақ түгілі басқа тұқыммен шағылыстырғаны үшін сот алдында жауап береді. Ал түркімендер алабайын сыртқа шығаруға тыйым салған. Бізде тазыларды қорғау тек жеке адамдардың ісі болып отырғаны өкінішті жағдай. Еліміздің ұлттық мақтанышының бір көрінісі сырттандарды өсіру, оны мемлекеттің қамқорлығына, қорғауына алу, айрықша заң қабылдау ендігі кезекте кезек күттірмес мәселе болып отыр.
Кәмел қажы ЖҮНІСТЕГІ, жазушы.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
Ақсу-Аюлы ауылы.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы • 11 Желтоқсан, 2025
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
12 жастағы оқушы экология туралы кітап шығарды
Руханият • 11 Желтоқсан, 2025
Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары балыққа қаншалықты құмар?
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 99 млн теңге жұмсайды
Шымкент • 11 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Көлікті қыста қыздыру: заң қалай өзгереді?
Заң • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстан Үкіметі педагог даярлау ісіне бақылауды күшейтеді
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Каспий мұнай құбырына қажетті жабдықтар енді Қазақстанда өндіріледі
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Шымкент әкімі Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша алғаш рет пікір білдірді
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы: Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жолы ерекше рөл атқарады
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер дабыл қақты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізімін кеңейту қажет пе?
Экономика • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзенде «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында заңсыз құрылысқа азаматтар 1 млрд теңгеден астам ақша салған
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Алматы-2 теміржол бекетінде 52 адам табиғи газдан уланды: екі бала жансақтау бөлімінде
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Елдегі балабақша кезегі екі есе қысқарды
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада пробация есебіндегі адамдарға арналған акция өтті
Заң мен Тәртіп • 11 Желтоқсан, 2025
Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше ғимарат жылусыз қалды
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзен қаласына 5 жаңа жедел жәрдем автокөлігі берілді
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Министр: Физика, химия және биология жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтайды
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
ШҚО полицейлері мал ұрлығын ізін суытпай ашты
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Түнгі уақытта тыныштық бұзған 6 мыңнан астам павлодарлық анықталды
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Алматыда автобус аялдамадағы троллейбусқа соғылды: бір жолаушы зардап шекті
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 46 млн теңгеден астам сомада ұрлық жасаған топ әшкереленді
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2025
Шалқар ауданында екі медициналық мекеме салынды
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы мансап орталықтарына 63 мың адам не үшін жүгінген?
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
МӘМС жүйесіндегі өзгерістер: Қымбат диагностикалық қызметтер тегін көмек пакетіне енгізілді
Медицина • 11 Желтоқсан, 2025
Президент: Иран – Қазақстанның сауда-экономика саласындағы өте маңызды серіктесі
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Әлеуметтік мәні бар сырқат түрлерінің тізбесі жаңарады
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторы Қазақстанның энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ниетті
Энергетика • 11 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда артиллериялық снарядтар өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2025
Севоран: Баланы ұйықтатып тісін емдеудің қаупі мен тиімділігі қандай?
Медицина • 11 Желтоқсан, 2025