Осылайша кезекті кинофестивальдің салтанатты марапаттау сәті де келіп жетті.
Сахнаға ұлттық киностудия жетекшісі – “Қазақфильм” АҚ президенті Ермек Аманшаев көтеріліп, алтыншы рет өткізілген кинофестиваль табыстарын қысқаша дәйектеп, “Еуразия” кинододасына дәстүрлі жалғастық тілей келіп, кинофестивальдің ұйымдастыру комитеті атынан Кевин Костнерге “Әлемдік кинематографияға қосқан үлесі үшін” жүлдесін тапсырды.
Ал биылғы кинофестивальдің бас жүлдесін қырғыз режиссері Актан Арын Кубат “Свет-Аке” картинасымен жеңіп алды. Осы арада бас жүлденің құны 3 миллион теңге екенін айта кетуге болады. Актан мырза бас бәйгеден бөлек FІPRESСІ қазыларының жүлдесіне де ие болды.
Қалған атаулы сыйлықтар төмендегідей ретпен иелерін тапты. NETPAC қазыларының жүлдесі екі бірдей кинотуындыға тағайындалды. Оның бірі – режиссер Тайфун Пирселимоглудың “Шаштар”(Түркия) фильмі де, келесісі – режиссер Елчин Мусаоглудың “40-шы есік” (Әзірбайжан) деп аталатын картинасы.
Биылғы “Еуразия” кинофестивалінің “Ерекше оқиға” дипломы Ершат Яхфудың “Гулбике” картинасына берілді. Бұл фильмді Шыңжаңдағы қазақ диаспорасы түсірген екен.
Халықаралық қазылар алқасының шешімімен “Жаңа есімнің ашылуы” дипломын “Бибінұр” фильмінде басты рөлді сомдаған Резеде Хадиуллина алды. Қазақ картиналарының ішінен Ақан Сатаевтың “Адасқандар” жұмысы аталынып, осы картинада ойнаған Ресей киножұлдызы Андрей Мерзликин “Ең үздік ер адам рөлі” жүлдесін иемденді. “Ең үздік әйел рөлі” жүлдесі “Гастарбайтер” (Ресей) фильмінде ойнаған Дарья Горшкалеваға бұйырды.
“Үздік режиссерлік жұмыс” жүлдесіне “10-нан 11-ге дейін” деп аталатын түрік фильмінің режиссері Пелин Эсмер лайық деп табылды.
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Кеше
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Кеше