02 Қазан, 2010

“Ертіске” “Алатау“ қосылды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығында биыл 11 дүкен ашылды. Бұл дүкендер әлеу­меттік тұрғыдан алғанда тұрмысы төмен отбасылар мен көмекке мұқтаж жандар, зейнет­керлер мен ардагерлер үшін қызмет көрсетеді. Азық-түлік өнімдерінің бағасы іші-сырты жарқырған сауда үйлеріне қара­ғанда біршама арзан тұрады әрі үйлерінің дәл қасында  орналас­қан. Саяжай ауданында жақында ашылған “Алатау” дүкені де Қа­ныш Сәтбаев  атындағы орталық көшеде  орналасқан “Ертіс” дү­кені сияқты қала маңындағы шаруа қожалық­тары  және жеке кәсіпкерлермен тұрақты түрде жұмыс жасайтын болады. Яғни, олар ешқандай делдалсыз өз өнімдерін  тікелей  жеткізеді және арзан бағамен сатады. Сөре­лер ет, сүт, жұмыртқа, май, ай­ран, қаймақ, нан-тоқаш өнімде­ріне толы.  Қала мен ауыл өзара келісіп екі жаққа да тиімді азық-түлік белдеуін жасап алды. Жалпы, облыс орталығының жартыжылдықтағы көрсеткіштері де жаман емес, кәсіпорындар осы аралықта 174,4 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріпті. Ал азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қала әкімі Бақытжан Жоламановтың айтуынша, аумағы  6 гектардай жерді алатын жылы­жай салу жоспарланыпты. Соны­мен қатар, облыс орталығында басқа өңірлерден  көкөніс, же­містерді жеткізіп беретін және оны сатуға арналған арнайы ло­гистикалық орталық та есік ашты. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Серік Базарбаев жыл соңына дейін тағы да басқа шағын аудандарда  әлеуметтік дү­кендердің қатары көбейетінін жеткізді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.
Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50