Атырауда бұл биді бір мезгілде 15 120 адам биледі
Қазақтың ұлттық өнерінің бірі – би. Әсіресе, ұмытыла бастағандай болып, қайта оралған “Қара жорға” биіне жастардың ықыласы ерекше. Еліміздің әр өңірінде, әр өнер ұжымында осы биді үйренгісі, билегісі келетіндер көп. Атырауда да дәл осылай. Өткен сенбіде Атырау қаласының 370 жылдық мерейтойы аясындағы мерекелік шарада “Қара жорға” биін 15120 адам биледі. Рас, бір мезгілде осынша адамның бұл биді билеуі тіптен оңай емес. Ол үшін үлкен дайындық қажет еді. Өңір жастарын ұлттық биді билеуге машықтандыру мақсатымен Атырауға “Қара жорға” ұйымының жетекшісі Жамали Диханұлы бастаған бір топ маман келді. Олар Атыраудың әр жастағы жастарын Исатай-Махамбет алаңына жинап, “Қара жорғаны” билеудің қыр-сырына қанықтырды. Дайындық бірнеше күн жалғасты. Дайындыққа аудандардан да жастар келді. Жамали Диханұлының өзі аудандардағы бірнеше елді мекенге арнайы барып, жастарды ұлттық биді билеуге үйретті.
– “Қара жорға” биін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қатарына жатқызуымыз қажет. Ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен жас ұрпақтың рухы берік, жігері мықты болады. Бұл жастардың санасына отаншылдық сезімді қалыптастыруға да ықпал етеді, – деді облыс әкімі Бергей Рысқалиев Исатай-Махамбет алаңына жиналған өңір жұртшылығын қала күні мерекесімен құттықтап тұрып. – Сол себептен ұлттық биіміздің әсіресе, жастардың арасында кеңінен таралуына қолдау білдіреміз.
Аумағы атшаптырым алаңды қаумалай жиналған жұртшылық алдында Атырау жастары “Қара жорға” биін нақышына келтіре биледі. Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киіп, беліне сегіз өрім қамшы қыстырып, саз ырғағымен билеген қыз-жігіттердің жанарларынан ұлттық өнерге деген жанашырлық, ынтазарлық байқалып тұрды сол сәтте. Тек Исатай-Махамбет алаңында ғана емес, сол мезетте қаланың өзге де алаңдарында, өңір орталығына іргелес елді мекендерінде де жастар осы биді биледі, деді газет тілшісіне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Киікбай Жаулин.
Исатай-Махамбет алаңында “Қара жорғаны” 4 рет билеген жастардың біразын сөзге тартуға тырыстық. Бәрінің де айтары біреу: би ұнады, үйрену қиын емес. Бәрінен бұрын жастар тарапынан биді үйренуге ынта-ықыластың табылғаны қуантады. Оның үстіне “Қара жорғадай” ұлттық өнердің жандануына, сөйтіп, халық арасында кеңірек насихатталуына еңбек сіңірген ұйымдастырушылар мен билеген жастарды Исатай мен Махамбет батырлар рухы қолдап тұрғандай әсер берді. Осы шара аясында қазақтың белгілі композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтың орындауындағы “Атамекен”, “Ауылым әнім”, “Жасай бер, қазақ” әндері жұртшылық рухын көтерді. Сонымен бірге, танымал әнші Сембек Жұмағалиев пен жергілікті өнерпаздар да өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау облысы.
----------------------------------
Суретте: “Қара жорғаны” билеген атыраулық жастар.
Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Мал өнімін дайындауға басымдық берілсе...
Шаруашылық • Бүгін, 09:35
Инвестициялық жобаларды еселеген өңір
Экономика • Бүгін, 09:33
Медицина • Бүгін, 09:30
БҰҰ-ның үш талабы және Қазақстанның интеграциялық бастамалары
Саясат • Бүгін, 09:28
Білім • Бүгін, 09:25
Түркі халықтарының ортақ құқықтық мұрасы
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:20
Желтоқсан ерлеріне ерекше құрмет
Қоғам • Бүгін, 09:17
Қауіпсіздік сабағы не үйретеді?
Білім • Бүгін, 09:15
Ғалымдарды қолдау қай деңгейде?
Ғылым • Бүгін, 09:10
Шаруаларды сарсаңға түсірген лизинг
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қазақстан • Бүгін, 09:02
Ашхабад форумы: Ауызбірлікті нығайтатын ауқымды диалог
Президент • Бүгін, 09:00
Елдегі реформаларды таныстырды
Саясат • Бүгін, 08:58
Ғылым • Бүгін, 08:55
Өткізу пункттеріндегі заманауи цифрлық өзгерістер
Саясат • Бүгін, 08:53
Геометрия – математикалық білімнің негізі
Білім • Бүгін, 08:50
Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі
Медицина • Бүгін, 08:45
Тұлға • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:35
Көп мақтаған көпірдің халі мүшкіл
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25
Мирас • Бүгін, 08:20
Әлем чемпионатынан – алты медаль
Бокс • Бүгін, 08:15
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Руханият • Бүгін, 08:07
Тағзым • Бүгін, 08:05
Футбол • Бүгін, 08:02
Қала тазылығының насихатшылары марапатталды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:00
Кітап-альбомға көшкен киелі орындар
Қоғам • Бүгін, 07:55
Аймақтар • Бүгін, 07:50
Әйелдердің экономикалық мүмкіндігін дамыту – назарда
Саясат • Бүгін, 07:40
Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды
Саясат • Бүгін, 07:35
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Ауа райы • Кеше
Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады
Қоғам • Кеше
Еліміздегі шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Әйел әлемі • Кеше
Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді
Шаруашылық • Кеше
Шымкенттік ардагерлер құрылыс нысандарын аралады
Шымкент • Кеше