Жамбыл бабаның еңселі ескерткіші Ұзынағаш ауылындағы Абай көшесінде бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Серік Үмбетов сөйлеп, халық поэзиясының тұғыры берік тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі Жамбыл бабамызға өзінің атындағы аудан орталығында ескерткіш орнатылуы ақынға деген зор құрмет екенін атап айтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен басқаларға танылады” дегенін біз әрдайым жадымызда ұстаймыз. Міне, көрікті алаңда ақынның тұғырлы тұлғасы бой көтеріп, ұрпағына рух беріп тұр. Мұның өзі мәдениетке, өнерге, тағылымды тарихымызға ден қою деген сөз. Сондықтан қолға алынғанның бәрі осы биік мақсат барысында жалғасын тауып келеді, деді ол. Әкім сондай-ақ жақын күндері Талдықорғанда ақиық ақын Сүйінбай бабаға ескерткіш ашылатынына жұртшылықтың назарын аударды.
Бұдан соң жазушы Орысбай Әбділдаев Махамбет пен Абайды, Жамбылды қазақ елінің төлқұжаты, асқақ абыройы деп тану қажеттігін айта келіп, тебіреністен туған өзінің жыр шумақтарын толғады.
Жамбылдың немересі Әлімқұл Тоққұлыұлы көпшілікке ата дәстүріне сай ақ батасын берсе, “Жамбыл ата келіндері” ансамбліндегі әжелер шашуын шашты. Жиналған қауым “Құлансаз” фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің кең көлемді концертін тамашалады.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы.

Нейрожелілер Орынбор қазақтарының архивтік фотосуреттерін «тірілтті»
Технология • Бүгін, 00:19
Қар жауып, көктайғақ болады: 3 қаңтарға ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Баянауылда қысқы туризм ашылды
Туризм • Кеше
Ақтауда пойыз бен автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның 11 қаласында ауа сапасының нашарлауы болжануда
Экология • Кеше
Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше тас жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Тегеран Трамптың қоқан-лоққысына жауап берді
Әлем • Кеше
Қазақстанда ескі жеңіл көліктердің салығы төмендеді
Салық • Кеше
Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасы хабар-ошарсыз кетті
Аймақтар • Кеше