Оралдық самбошылар әлемдік сайыстарда қазақ спортының табыстарын тасытып, республика намысын лайықты түрде қорғап жүр. Қорғап жүр деу аз. Ел спортының қоржынына ылғи да күміс және алтын медальдар салып жүр. Бұған басты бір мысал ретінде батысқазақстандық спортшы Ерболат Байбатыровтың самбодан екі дүркін әлем чемпионы атанғанын айтсақ та жеткілікті. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында самбо күресі бойынша өткізілген әлем чемпионатында Ерболат тағы да ерледі. Осы әлемдік сайыста ол үшінші мәрте әлем чемпионы тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ 62 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған тағы бір батысқазақстандық жас спортшы Азамат Мұқанов та қарсыластардың бәрін тізе бүктіріп алтын медальға ие болды. Сонымен бірге Ташкентте өткен әлем чемпионаты жүлдегерлерінің қатарында тағы да оралдық екі самбошы Саят Шәмшиев пен Альмира Исатаевалар бар.
Соңғы сайыстан алған әсерін үш дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров былайша жеткізді.
– Әлем чемпионатындағы әр бір ұтыстың салыстыруға тіпті келмейтін, тек өзіне ғана тән әсері бар. Екінші-үшінші рет жеңіске жеткен кезде алынған әсердің де, жауапкершіліктің де салмағы арта түскендей болады. Мұндайда өз еліңнің мерейі үшін елеулі іс тыңдырып жүргеніңді тереңірек түйсінгендей күй кешесін. Әлемдік деңгейдегі чемпион атану - әр спортшының арманы. Мұндай ұмтылыс мені бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерді. Біз Ташкентке жиналған кезде ойымда бір ғана мақсат тұрды. Маған тек алтын керек деген ойда болдым. Осы тілегім орындалды. Сол үшін де қуаныштымын.
Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.
Суретті түсірген Рафхат Халелов.

Атырау облысының тұрғыны есірткі затын тұтынғаны үшін 10 тәулікке қамалды
Есірткі • Бүгін, 22:18
Тыңдарманын тәнті еткен «Өмір желі»
Өнер • Бүгін, 21:51
Семсерлесушілер Фуджейрада сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 21:33
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жатақханалар бой көтереді
Ғылым • Бүгін, 21:12
Ақжайықта атымтай жомарттар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 20:53
Қоғам • Бүгін, 20:35
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады
Балалар • Бүгін, 20:16
Шаруашылық • Бүгін, 19:53
БАҚ: Қазақстан сирек кездесетін минералдарды өңдеуде үш жобаны іске қосуға дайындалуда
Экономика • Бүгін, 19:32
СҚО-да жол апатынан үш адам жарақат алды
Қоғам • Бүгін, 19:10
Транзиттік тасымал Экономиканың күретамырына айналады
Экономика • Бүгін, 18:51
Көлік нысандарында ауыр қылмыстардың саны азаймай тұр
Заң • Бүгін, 18:37
Қызылордада масаң күйде көлік басқарғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 18:20
Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды
Әлем • Бүгін, 18:15
Министр: Биыл елімізде 115 жаңа медиа іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 18:02