Әлем • 18 Қараша, 2010

Әлем өткен аптада

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуроодаққа кіргісі бар

Молдованың премьер-ми­нис­трі Владимир Филат өз елінің Еу­ро­­одаққа кіруі үшін алдағы жылы өтініш беретіндерін мәлімдеді. Мұндай мәлімдемені Молдова басшылығы Еуроодақ Кеңесінің өз үкіметіне Молдова үшін ви­за­лық тәртіпті жұмсарту жөнінде нұс­қау бергеннен кейін жасап отыр. Жұрттың көңілінде сепа­ра­тистік Приднестровье қалай бо­лады деген сұрақ тұр.

 

Съезд болады

Куба республикасының көсемі Рауль Кастро ел коммунистерінің съезін өткізу жөнінде хабарлама жасады. Оның коммунистік рухта өтетін түрі бар. Жарты жылдай бұ­рын хабарланып, оның қабылдай­тын құжаттарының тезисі де жарияланып үлгерді. Талқыланатын мәселе эконо­мика болмақ. Басқа мәселелер со­дан ту­ын­дайтынын Куба бас­шы­лары жақ­сы ұққандай. Мемлекеттік мен­­шік саласында жұмыс істейтін 500 мың адам қысқарып, енді же­ке­­меншік жүйеден орын іздеп жүр.

 

Қауіпті қорқыту

Сеулде “20-ның тобы” сам­ми­ті­не қатысушыларды Солтүстік Корея тарапынан биохимиялық шабуыл жасалады деген хабар-қауесет шынымен-ақ шошытқан еді. АҚШ-тың Мемлекеттік хат­шы­сы Хиллари Клинтон Қытай­дан Ким Чен Ирдің өрекпуін басуды өтінуге мәжбүр болды. Веб-сайтта хабарланғандай, Солтүстік Корея әуе шарларына және парашюттерге 20 түрлі био­хи­миялық қару іліп, оны “оңтүс­тік­ке” жібермек болған көрінеді. Ал сарапшылар саммитке Қытай бас­шысы қатысып отырғанда, мұндай әрекетке бармайды дегенді айтады.

 

Алып сағат

Бұрын әлемдегі ең үлкен сағат Лондонда болатын да, соны ағылшындар мақтан ететін. Енді ең алып сағат – Меккеде. Ол 425 метр биіктікке орна­ласқан. Циферблаттарының кө­лемі 45 және 43 метр. Ол түнде 17 ша­қырым, ал күндіз 12 шақырым жер­ден көрінеді екен. Күніне бес рет қоңырау соғып, дәл намаз уақытын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53