Түрік және қазақ халықтарын ортақ тіл мен тарих және мәдениет байланыстырады. Осы шеңберде, Түркияның сыртқы саясатында Қазақстанмен арадағы қарым-қатынас маңызды орынға ие.
Қазақстан Республикасының Президенті құрметті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы Түркияға жасаған сапары кезінде қол қойылған Стратегиялық әріптестік келісім-шартына сәйкес жаңа бағдар алған екі ел арасындағы қарым-қатынастар саяси, сауда-экономикалық, мәдени және басқа да салаларда жоғары деңгейде тұр. Үстіміздегі жылы екі ортада жүрген көптеген жоғары деңгейдегі сапарлар екі ел қатынасын одан әрі нығайта түсті.
Қазақстан Түркияның өңірдегі ең маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Қарқынды даму үстіндегі сауда-экономикалық байланыстарымызбен қатар, түрік мердігер фирмаларының Қазақстан бойынша алған жобаларының жалпы құнының 10 миллиард доллардан асып түсуі, түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанға құйған инвестициясының жалпы көлемінің 2 миллиард долларға жетуі, сол сияқты Түркиядағы қазақстандық инвесторлар санының да қарқынды түрде артуы – қалыптасқан ынтымақтастығымыздың қазіргі таңда жеткен деңгейінің көрсеткіші. Түрік құрылыс компанияларының әсем елорда – Астананың дамуына үлес қосуы біз үшін үлкен мақтаныш.
Білім және мәдениет салаларындағы үлгі боларлық ынтымақтастығымызды қарым-қатынасымыздың маңызды өлшемдерінің біріне санаймыз. Түркия мен Қазақстандағы түрік университеттері мен қазақ-түрік мектептерінде білім алған және оқып жатқан Қазақ елінің жастары мен Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті және басқа да білім орындарында оқыған түрік жастары ортақ келешегіміздің негізін қалайды.
Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тек екіжақты емес, сонымен қатар өңірлік және халықаралық деңгейде де қарқынды дамуда. Қос ел Еуразия өңірінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату жолында ынтымақтасып, осы үшін үлкен ынта-жігер танытуда. Осындай іс-қимылдардың нақты нәтижесі ретінде Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2010 жылғы 15-16 қыркүйек күндері Ыстамбұл қаласында өткен саммит кезінде өз қызметін бастады. Ынтымақтастық кеңесінің алғашқы саммиті келесі жылы Астана қаласында өтеді.
Түрік мемлекеті алғашқы күннен-ақ Ататүрік негізін салған “Өз еліңнің тыныштығы – әлемнің тыныштығы” деген қисынды ойдың бағытында көпқырлы, көпвекторлы, прагматикалық әрі адамгершілікті жоғары тұтқан сыртқы саясат ұстанумен келеді.
Біз Қазақстанның Президент Н.Назарбаевтың көреген жетекшілігі арқасында тәуелсіздігін алғаннан бергі өткен қысқа мерзім ішінде қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық міндетін алуы – халықаралық қоғамдастықтың да Қазақстанның өз өңірінде жетекші елге айналуын қамтамасыз еткен осы жетістіктерін мойындағанын көрсетеді. Қазақстан өзі төрағалық атқарған мерзімде осыдан 11 жыл бұрын, 1999 жылы Ыстамбұлда өткен саммиттен кейін желтоқсан айында Астанада жоғары деңгейдегі форум өткізу құрметіне бөленуі өте қуантарлық жәйт.
Екі ел Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде де, саммитке дайындық кезеңінде де тығыз ынтымақтастықта әрекет етуде.
Елдеріміздің Еуразия кеңістігіндегі ең маңызды қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдары – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске бір уақытта төрағалық етуі арамыздағы ынтымақтастыққа соны серпін деп санаймын.

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды
Әлем • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті
Денсаулық • 31 Желтоқсан, 2025
ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін
Спорт • 31 Желтоқсан, 2025
Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті
Қаржы • 31 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді
Ауа райы • 31 Желтоқсан, 2025
Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді
Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2025
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды
Оқиға • 31 Желтоқсан, 2025