Мәскеу әуежайларында «мұз жаңбырдың» салдарынан авиарейстердің кешіктірілуі одан әрі жалғасып, 20 мыңға жуық жолаушы қар тұтқынында отыр. Кеше «Шереметьево» әуежайында ашынған жолаушылар «Аэрофлоттың» бірнеше қызметкерін соққыға жықты.
Өзбекстан өкіметі халықаралық «Һюман Райтш Уаттш» құқық қорғау ұйымының өз аумағында жұмыс істеуінен кезекті рет бас тартты. Өзбек шенеуніктерінің айтуына қарағанда, бұл ұйым қызметкерлерінің өзбек жерінде жұмыс істеу тәжірибесі жоқ және халықтың менталитетін білмейді.
Белоруссиядағы президент сайлауының нәтижесіне қарсы болып, жаппай тәртіпсіздікке жол бергендердің біразы Ресей азаматтары болып шықты. Олар 10-15 тәулік аралығындағы мерзімге қамауға алынды.
Украинада Юлия Тимошенко Үкімет басында болған кезде үлкен қызметте болған адамдардың біразына қарсы қылмысты іс қозғалған. Солардың бірі – бұрынғы ішкі істер министрі Ю.Луценко. Қазір ол тұтқынға алынды.
КХДР басшысының кіші ұлы Ким Чен Ынды ендігі жерде «жас генерал» деп атауға ресми түрде тыйым салынып, оны «құрметті жолдас Ким Чен Ын» немесе «құрметті Орталық әскери комитет төрағасының орынбасары» деп атау ұсынылды.
Кеше Теһранда Израильдің «Моссад» арнаулы қызметінің пайдасына шпиондық әрекеттер жасаған ирандық асып өлтірілді. 2008 жылы ұсталған ол өзінің «Моссадтан» шпиондық әрекеттері үшін 60 мың доллар алғанын мойындаған.
Америкалықтардың арасында жүргізілген сауалдамаларға қарағанда, президент Барак Обама үшінші жыл қатарынан елдегі ең ұнамды адам болып отыр. Одан кейінгі орындарда бұрынғы президенттер – кіші Дж.Буш пен Б.Клинтон. Ең атақты әйел мәртебесін Х.Клинтон иеленген.
Ресейлік бизнесмен М.Ходорковскийдің үстінен жүргізіліп жатқан сот процесінде ол екінші іс бойынша да кінәлі деп табылып, соған орай үкімнің оқыла бастағанына екінші күн болды. Грузия президенті М.Саакашвили бұл процесті Ресей басшыларының бөтен ойлыларды қуғындауының көрінісі деп бағалады.
Үндістан Үкіметі жаңажылдық мерекелерде террористердің шабуылы болуы мүмкін деп жалпыұлттық дабыл қақты. Сондықтан барлық темір жол вокзалдарында, метро мен аэропорттарда, сауда орындарында және т.б. жерлерде қауіпсіздік шаралары қатайтылды.
Интернет материалдарының негізінде әзірленді.

Қазақстан КТК ахуалына байланысты мұнай тасымалдау маршрутын өзгертетін болды
Экономика • Бүгін, 13:00
Ел экономикасы қалай өсіп жатыр: Депутат қарапайым сөзбен түсіндіріп берді
Экономика • Бүгін, 12:48
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:30
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты
Заң • Бүгін, 12:23
Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады
Өшпес даңқ • Бүгін, 12:20
«Қайрат» Лондонда «Арсеналмен» кездеседі: Билет бағасы қанша тұрады?
Футбол • Бүгін, 12:13
Ақтөбе облысында сақырлаған сары аязда 13 жолаушы айдалада қалып қойған
Аймақтар • Бүгін, 12:03
Оңтүстік Кореяның экс-президентіне сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:56
Nestle өнімдері не себепті кері қайтарылып жатыр?
Бизнес • Бүгін, 11:40
Петропавлда аурухана маңында әйел адам үсіп қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:30
Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды
Ауа райы • Бүгін, 11:22
Cybernet AI түркі тілдеріне арналған ең ірі жасанды интеллект моделін таныстырды
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:20
Мемлекет басшысы банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 11:10