АСТАНА. 23 қаңтар. Орталық Америкада орналасқан Сальвадор мемлекетінде тұрғындарға алдағы екі жылда бала туудан бас тартуға кеңес берілді. Оған ел аумағында зика індетінің таралуы себеп болып отыр. Бұл туралы euronews телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мамандардың айтуынша, аталған вирус анадан балаға беріледі екен. Салдарынан баланың бойында әртүрлі ауруларды қоздырып, микроцефалияға (бас сүйек пен мидың жетілмеуі, ақыл-ойдың дамымауы және неврологиялық ауытқушылық) және көру мүмкіндігінің нашарлауына әкеледі.
Қазірдің өзінде вирустан сақтанған АҚШ өз азаматтарына әлемнің 22 еліне бармауға кеңес беруде. Бұл жөніде осы елдің Ауруларға бақылау жүргізу және алдын алу орталығының маманы Бет Белл: «Зика індеті аяғы ауыр әйелдердің ағзасына ерекше әсер етеді. Сондықтан әзірге кесел тараған аймақтарға бармаған дұрыс», – дейді.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Латын Америкасының бірқатар елінде зика вирусының тарағанын хабарлаған болатын. Індет салдарынан Бразилия ең көп зардап шегіп отыр. Қазіргі таңда бұл елде микроцефалия белгісі бар 3,5 мың жаңа туған нәресте тіркеуге алынған.
Негізінен маса арқылы таралатын бұл вирус адам өмірі үшін аса қауіпті емес. Көбіне жеңіл әсер етеді және бірнеше күнде өздігінен жойылып кетеді. Алайда, аяғы ауыр әйелдер үшін үлкен қауіп төндіріп тұр. Мамандар әзірге кеселдің алдын алатын дәрі-дәрмекті тапқан жоқ.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.
Сурет: materlife.ru.
• 23 Қаңтар, 2016
Сальвадорда тұрғындарға бала туудан бас тартуға кеңес берілді

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30