АЛМАТЫ. 25 қаңтар. Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2016 жылғы 26 қаңтар күні, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өтетін «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» атты іс-шара өткізбек. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бүгінгі, екі ел арасындағы қарым-қатынас даму тарихындағы жақсы кезеңдерді бастан кешіп отырған кезде, екі ел халықтарының бірін-бірі одан әрі тануға деген ниеттері күннен-күнге артуда.
Осыған байланысты, Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» атты іс-шара өткізбекші. Ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаты – қазақстандық жұртшылыққа қытайдың шынайы дәстүрлі мәдениетін көрсету, екі елдің бауырлас халықтары арасындағы өзара достық пен түсіністікті әрі қарай нығайту.
Мәдениет күні бағдарламасы: Қытайдың Тяньцзинь қаласының өнер қайраткерлері, қытай халық әндерін, музыкаларын, Пекин операсын және Қытайдың басқа да жергілікті музыкалық драмаларын орындайтын І-ші мемлекеттік дәрежедегі Ли Хун, Ван Хумина, Чжао Цзин, Ван Бинь секілді әртістердің қатысуымен өтетін концерттен, сондай-ақ, фокус және акробаттық қойылымнан, қарапайым қытайлықтың күнделікті тұрмысы, қытай қалалары мен ауылдарының қарқынды өсуі жайлы суреттейтін 60 фотоны қамтитын Tempo of China фотокөрмесінен, қытай көркем фильмінің көрсетілімінен тұрады.
Іс-шара Қытайға және қытай мәдениетіне қызығушылық танытқан барша қауымға арналады.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 25 Қаңтар, 2016
Алматыда «Ұлы Жібек жолы – Қытай мәдениетінің күні» өтеді

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31