АСТАНА. 25 қаңтар. Бразилияның Сан-Паулу штатында саяхатшылар кемесі аударылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға кезінде «Қара моншақ» катерінде 20 саяхатшы және кеме капитаны болған. Мамандардың айтуынша, биік толқындардан қорыққан саяхатшылар катердің бір бөлігіне қарай жиналып алған. Осы сәтте кеме аударылып кеткен. Құтқарушы топ, апат орнынан 19 адамды аман алып қалғанымен, 41 жастағы Элаине Кристина Верне мен 4 жасар ұлы шыны кабинаның қоршауында қалып, дер кезінде сыртқа шыға алмай, мерт болды.
Катер иесі Сезар Даниэль Дуарте «Қара моншақ» 22 адамға дейін тасымалдай алады, осыған байланысты саяхатшыларды шектеулі мөлшерден артық алған деген болжам негізсіз деп ақталды. Құқық қорғау органының қызметкерлері оқиға орнында тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: regnum.ru.

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше