АСТАНА. 25 қаңтар. Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде «Барыс» өз айдынында Нижнекамскінің «Нефтехимигін» қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. 9-минутта қонақтар сапынан екі бірдей ойыншы айдыннан қуылып, «Барыс» 5х3 форматында ойнауға мүмкіндік алды. Алайда, Андрей Назаровтың шәкірттері бұл мүмкіндікті тиімді пайдалана алмады.
Есесіне, екінші кезеңнің соңында «Нефтехимик» ойыншы басымдығын жүзеге асырып, алға шықты. Атап айтқанда, 40-минутта Никита Щитов мергендігімен көзге түсті. Бұл кезде «Барыстың» үздік хоккейшілерінің бірі Найджел Доус жазаланған болатын. Тағы бір ескере кетер жайт, екінші бөлікте біздің команда екі рет ойыншы басымдығына ие болып, екеуін де мүлт жіберді.
Матчтың соңында, яғни 54-минутта астаналықтар Кевин Даллмэннің көмегімен таразы басын теңестіргенімен, арада 4 минут өткенде, өз қақпаларына екінші шайбаны жіберіп алды. Дәл осы гол ойын тағдырын шешті. Жеңіс голының авторы – Игорь Полыгалов.
Осымен «Барыс» қатарынан екінші рет жеңіліп отыр. Қоржынында 78 ұпайы бар елордалықтар әзірге Шығыс конференциясында 7-орында келеді. Ал 9-орында тұрған, «Барыстың» плей-офф жолдамасына таласта негізгі қарсыласы – «Нефтехимик» бүгінгі жеңісінен кейін ұпай санын 75-ке жеткізіп, жағдайын айтарлықтай жақсартып алды.
«Барыс» келесі кездесуін 27 қаңтарда өз айдынында Челябінің «Тракторымен» өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hcbarys.kz.

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33