Бұл жайт Америка тұрғындарының зәресін алып отыр
Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде Америка құрлығының бір бөлігін тасқын судың басып қалатыны туралы қауесет желдей есіп тұр. Алайда, АҚШ-тың Орегон штатының тұрғындары кешеден бері Тынық мұхиттың өз жерімен шендесіп жатқан жағалауынан су қашып бара жатқанын айтып, жұртты тағы дүрліктіре бастады.
Үрейге бой алдырған көпшілік мұхит деңгейінің әдепкі күні – 14, келесі күні 96 сантиметрге дейін түсіп кеткенін жеткізді. Осыдан мұхит айдынындағы №46404 белгісі көрініп қалған. Мұндайдың болуы әбден мүмкін, деседі ғалымдар. Тек бұл жағдайда Хуан де Фука мен Солтүстік Америка арасында орналасқан су астындағы үстірт көрініп қалуы керек. Сол кезде мұхит аумағында жер сілкінісі орын алып, аса қуатты цунами көтеріледі. Тап сондай көрініс 1700 жылы болған екен. Соның салдарынан Солтүстік Американың батыс жағалауынан көптеген шақырымға дейін су қашқан. Ендеше, жағалау тұрғындарының үрейге бой алдырулары бекер емес.
Рас, жергілікті билік сол бойда бұдан қорқатын ештеңе жоқ екенін білдіріп, жұрттың толқуын басуға әрекет етті. Ол белгінің көрініп қалуы жөніндегі алып-қашты әңгімені журналистер скриншот арқылы дайындап, ойдан шығарып жүрген бостекі тірлікке жатқыза салды. Ал ресми органдар әзірге жұмған ауыздарын ашар емес. Бұл отқа май құя түскеннен басқа ештеңе әкеле қоймады.
Қазір жұрттың өрекпіген көңілін басып, мазасыз халге ұрындырмай тұрған бір ғана нәрсе бар. Ол соңғы бірнеше күннің ішінде ешқандай апатты өзгерістер орын алып, Американың солтүстік-батыс жағалауы «жалаңаштана» қоймағанына, сондай-ақ, жақындап келе жатқан цунамидің екпіні байқалмайтына саяды.
Журналистер билік тарапынан қолдау таппағаннан кейін жағдайды түсіндіріп беруді сұраған АҚШ-тың көрнекті сейсмолог-ғалымы Джон Видал оқиғаға мынадай баға берді. Су деңгейінің айтарлықтай түсіп кеткені қаншалықты шындық болғанымен, аса бір қорқыныш әкелетіндей ештеңе де жоқ. Мұның буй-белгі электроникасы жұмысындағы олқылық қана болуы да ықтимал.
Мұрат АЙТҚОЖА.

Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31