Ақмола облысының әкімі Целиноград ауданындағы Родина ауылындағы қоныс тойларына қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Ол жергілікті тұрғындармен бірге, алғашқы 4 отбасының бірі болып жаңа үйдің кілтін алған Ерлан Тасболатовтың шаңырақ шаттығының куәсі болды.
– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық тұрмысын жақсарту бағытындағы саясатының арқасында шалғай елді мекендерде де заманауи жаңа үйлерге қолжетімділік орнықты. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, отбасылық берекеге бөленіңіздер. Бүгін өз атымнан Тасболатовтың отбасына теледидар сыйлаймын, – деді облыс әкімі С.Кулагин.
«Родина» агрофирмасы» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэрдің айтуынша, ауылда «Нұрлы Жол» бағдарламасымен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 14 үй пайдалануға беріледі. Қазіргі күні тоғыз ғимаратта ішкі әрлендіру жұмыстары жүргізіліп жатса, қалған бесеуінің қабырғасы көтеріліп қалды.
Сонымен бірге, агрофирма басшысы И.Сауэр облыс әкімі мен журналистерді 1000 бас сауын сиырына арналған мал шаруашылығы кешені құрылысының барысымен таныстырды. Жобалық құны 1 миллиард 10 миллион теңге тұратын бұл нысан үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде.
Жаңа құрылыстар қарқын алған шаруашылықта өскелең талаптарға толық сай келетін астық терминалы салынып жатқанын көрдік. Сыйымдылығы 20 000 тонналық терминалда астықты тазалау, кептіру, сақтау және нарыққа шығарудың кластерлік жүйесі қамтамасыз етіледі.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы,
Целиноград ауданы.

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45