Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде Мемлекет басшысы еліміз үшін, болашағымыз үшін маңызды бірқатар өткір мәселелерге тоқталды. Партия алдына нақты міндеттер қойды.
Екі мыңнан астам делегаттың қатысуымен өткен жиында Елбасы есепке жүйрік, үнемге берік болуды атап айтты. Сонымен бірге, Президент қазір әлемдік геосаяси жағдай аумалы-төкпелі күйде тұрғандығын атап өтті.
Соңғы уақыттарда әлемдік геосаяси жағдай аумалы-төкпелі күйде тұр. Алпауыт елдер арасындағы өзара талас-тартыс пен үлкенді-кішілі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар өрши түсуде. Санкциялық және сауда-саттық соғыстары жүріп жатыр. Халықаралық қауіпсіздік жүйесіне қауіп төнді. Қазақстан бар үмітін өзіне арта алады,– деген Н.Назарбаев ендігі үміт еліміздің әрбір азаматының жағдайды байыппен бағамдай білуіне байланысты болатындығын айтып өтті. Осы орайда, Мемлекет басшысы бірлігімізді нығайтуға күш салуымыз керектігін ескертті.
Елбасының әлемде төртінші өндірістік революция кезеңінің басталып келе жатқаны туралы айтқаны да көңілге қонды. Әлемдік төртінші өндірістік даму кезеңіне ілесудің жолдарын қазірден қолға алу керектігін мәлім еткен Мемлекет басшысы осы бағытта нақты атқарылуы тиіс жұмыстарды атап берді. Мәселен, «Астанадан үш ғылыми өндірістік даму орталығын іске қосу, Алматыдағы инновациялық даму орталығының ісін ілгерілету, сонымен бірге, нанотехнология, биотехнология, жоғары технологиялық ғылыми прогрестік даму көшінен қалып кетпеуге ұмтылғанымыз ләзім», – дегенді айтқан Елбасы ғылыммен айналысуға жағдай жасап, қызығушылық танытатындарды осы салаларда еңбек етуі үшін барынша жағдай жасау керектігін ескертті.
Съезде партияның «Қазақстан 2010: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылға арналған сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Аталған құжат бес институттық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттарын қамтиды. Тұтастай алғанда, бағдарлама 8 бөлімнен тұрады. Онда жаһандық сын-қатерлер және жаңа нақты ахуал мәселелеріне шолу жасалып, нақты іс-қимылдар қамтылады.
Райкүл БАЙНАЗАРОВА,
Қызылорда облысы білім және
ғылым қызметкерлері
кәсіподағының төрайымы.

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03
Қазақстанда қылмыс деңгейі 9 пайызға төмендеген
Президент • Бүгін, 13:50
115 мың студент жатақханаға мұқтаж: мәселе қалай шешілмек?
Парламент • Бүгін, 13:37
Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды
Әдебиет • Бүгін, 13:18
Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45