Әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі Неймардың басына қара бұлт үйірілді. Атап айтқанда, спортшы тапқан табысының салығын уақытында төлемесе керек. Соған орай, Бразилияның Сан-Паулу федералды соты оның иелігіндегі активтердің айналымына тыйым салу туралы шешім шығарды. Қатарында ұшақ, яхта, жылжымайтын мүлік сынды құнды дүниелер бар бұл активтердің жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларына жетіп жығылады.
Өткен жылы Бразилия соты футболшының өзін, отбасын және оларға тиесілі компанияны салық төлеуден жалтарғандары үшін айыптаған болатын. Тағылған айып бойынша, Неймар «Сантос» клубы сапында ойнаған 2011-2013 жылдар аралығында мемлекетке 16 млн. доллар салық төлемеген.
Алайда, футболшының өзі бұл айыпты негізсіз деп санайды. Тіпті, ол айыптаушыларға қарсы шағымданып, федералды сотқа апелляция да берген. Дегенмен, сот оның шағымын қанағаттандырмады. Дәл осы шешім Неймардың активтеріне тыйым салуға негіз болып отыр.
Бразилия ұлттық құрамасы мен Испанияның «Барселона» командасының ойыншысына қарсы қозғалған іс тек бұл емес. Бүгінде өзінің туған елінен бөлек, Испанияда да Неймарға қатысты іске тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нақты айтар болсақ, «Барселона» ойыншы үшін «Сантосқа» 57,1 млн. еуро төлеген. Бұл қаражаттың басым бөлігін футболшының әкесіне тиесілі Neymar Santos компаниясы алған. Ал тергеу барысында Испания клубының Неймардың трансфері үшін 83,3 млн. еуро жұмсағаны анықталып отыр.
Ернар МҰХАМБЕТ.

Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше