АСТАНА. 20 наурыз. Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің 70 пайызы дауыс берді. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ыстамбұлдағы №205-ші сайлау бөімшесіне 575 азамат тіркелген. Олардың басым бөлігі жоғары оқу орнының студенттері. Сондай-ақ, Түркияда сапармен жүрген отандастарымыз бен консулдық қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері Ата Заңда белгіленген құқықтарын пайдаланып, өз дауыстарын берді.
Түркиядағы қазақстандықтар үшін Анкара, Ыстамбұл мен Анталья қалаларында 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі таратқан мәліметке сәйкес, биылғы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына дауыс беруге 1 мың 313 отандасымыз тіркелген. Бұл күндері Ыстамбұлда сайлаушылардың жүріп-тұруы үшін арнайы автобус жұмылдырылды. Сондай-ақ Анкара мен Ыстамбұлдағы соңғы лаңкестік оқиғаларға байланысты сайлау бөлімшелерінде қауіпсіздік шаралары ерекше қадағалануда.
«Сайлауға Ыстамбұлда екінші рет қатысып тұрмын. Қазақстанымыздың болашағы әділетті әрі тұрақтылығы үшін дауыс берудеміз. Себебі, бұл сайлау жастарға да өте маңызды. Келешегімізді өзіміз белгілеу үшін барлығымыз түгелдей қатысудамыз», – деді Түркиядағы қазақстандық студенттер қауымдастығының төрағасы Еркеғали Елтай.
«Ыстамбұл қаласындағы №205 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары деп айтуға болады. Қазіргі таңда тізімдегі сайлаушылардың 70%-ы келіп өз дауыстарын берді. Жалпы Бас консулдық тарапынан сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалынды», – дейді Ыстамбұл қаласындағы №205 сайлау учаскесі комиссиясының хатшысы Мақсат Өтенов.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 20 Наурыз, 2016
Ыстамбұлда отандастарымыз дауыс беруде белсенділік танытты

Қыста автокөлікті қыздыруға қатысты шектеулер қайта қаралады
Қоғам • Бүгін, 15:00
Қазақстанда әр соғыс ардагеріне 5 млн теңгеден төленеді
Қоғам • Бүгін, 14:51
Президент: Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел
Президент • Бүгін, 14:11
Нұрай Серікбай ісі: Тергеу жақын арада аяқталады
Қылмыс • Бүгін, 14:03
Үздік әскери түлектерге бірден «аға лейтенант» шені берілуі мүмкін
Президент • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент • Бүгін, 13:29
Шетел азаматтарының Қазақстанға қару-жарақ алып келуі, сақтауы қаншалықты заңды?
Парламент • Бүгін, 12:04
Депутат: Автомектептердегі заңсыз жиналатын 5,6 млрд теңге кімнің қалтасына түсіп жатыр?
Парламент • Бүгін, 11:43
Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?
Қоғам • Бүгін, 11:40
Енді жедел жәрдем мен автобустар жол ережесін бұзғандарды тіркейді
Заң • Бүгін, 11:20