– Жамбыл облысында 439 байқаушы жұмыс жасауда, – дейді бізбен әңгімесінде Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Жамбыл облысы бойынша өңірлік орталығының төрайымы Парида Мамедова. Өңірде 465 сайлау учаскесі бар. Түске дейін өз басым облыс орталығындағы 23 учаскеге барып келдім. Таңғы сағат 10-00-ге дейін сайлаушылардың 22 пайызы дауыс беріп үлгерді. Ал түске дейін 43 пайызы дауыс берді. Жамбыл облысындағы сайлаушылардың саны 525 мыңның үстінде. Осы уақытқа дейін тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. Өйткені, біз бақылаушылармен телефон арқылы байланысқа шығып, барлық жағдайды тұрақты бақылап отырдық. Тіпті, облыс орталығынан шалғай жатқан елдімекендердегі сайлау учаскелеріне де телефондар қойылған. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылғы сайлауда Қордай және Мойынқұм аудандарындағы кейбір шалғай ауылдарына телефон байланысы болмай, кедергілер туындап еді. Биыл ондай кедергілер жоқтың қасы.
– Байқаушыларды қалай жасақтадыңыздар?
– Біздегі СОLL-орталығында жас еріктілер жұмыс жасауда. Ал, жалпы біздің комиссияның құрамы жастар ғылыми-зерттеу орталығының аясында жасақталды. Оның 4-еуі штаттық бірлік бойынша жұмыс атқарса, қалғандары еріктілер. Сондықтан, учаскелердегі әртүрлі жастағы 439 байқаушының 70-і жастар. Еріктілер ақылы түрде жұмыс жасауда. Жұмыс сайлауға дейін жүргізілді, қиындықтар да болды. Құжаттарды жинау, ақпараттық-насихаттық жұмыстар дегендей. Дайджест бойынша ақпараттардың заңдылығы, дұрыстығы реттеліп отырды.
Байқағаным, жыл сайын азаматтардың саяси сауаты мен мәдениеті көтеріліп келеді. Мұның қатарында бірқатар зерттеулер де жүргіздік. Соңғы екі жылдың ішінде жүргізген сауалнамаларымызда негізінен сайлауға келушілердің 41-43 пайызы өз еркімізбен, ал 13 пайызы басшылардың немесе жұмыстан мәжбүрлеп жіберетіндігін айтқан-ды. Ал соңғы жүргізген сауалнамада соңғы көрсеткіш 8 пайызға дейін төмендеген. Бұл дегеніңіз сайлаушылардың азаматтық позицияның нақтылығын көрсетеді. Өз еркімен келіп дауыс беретіндердің көрсеткіші 80 пайызға дейін артты.
– Сайлау жұмысын қадағалау үшін басқа мемлекеттерден қанша бақылаушы келді?
– Ұзақ мерзімге келген халықаралық байқаушылардың саны екеу. Олар Австрия мен Финляндия мемлекетінің өкілдері. Ал қысқа мерзімге келгендер Қырғызстан мемлекетінен екеу, Ресейден екеу және Жапония мемлекетінен екеу. Сондай-ақ, сайлау учаскелерінде Дания мен Ұлыбритания мемлекетінен келген байқаушылар да жүр. ЕҚЫҰ өкілдері де бар. Өткен жылы Президент сайлауына Германия мен Швеция мемлекетінен келген халықаралық байқаушылар біздің комиссияның жұмысына өте жоғары баға берген еді. Шындығында, кейбір шетелдік байқаушылар Қазақстанда осындай үлкен қоғамдық бақылау комиссиясының жұмыс жасайтынын да білмейтін болып шықты. Ал біздегі комиссияның жұмыс жасап жатқанына биыл он жыл толады. Соның ішінде, соңғы екі жылдың көлемінде сайлау учаскелерінде қоғамдық байқаушыларды ақылы түрде тартып, 100 пайыз жұмыс жүргізіліп келеді.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
• 21 Наурыз, 2016
Шетелдіктер біздегі жаңа жұмыс формасын білмейді екен

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55