Қарағанды облысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қарағанды облысы бойынша өңірлік орталығы биылғы жылдың ақпан айынан бері жұмыс істей бастады. Еліміздегі аса маңызды науқанның Ата Заңның аясында ашық та әділ өтуіне мүдделі бұл филиалға «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының мүшесі Наталья Вшивцева басшылық жасайды.
– Біздің міндетіміз Қарағанды облысында Сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын кешенді түрде қамтамасыз ету болды. Біз сайлау үдерісінің барлық кезеңіне мониторинг жасап, сайлаудың әділ, ашық түрде өтуіне және де заңдылықтың сақталуына ықпал етуге күш салдық. Сонымен қатар, біз үміткерлердің конституциялық құқықтарының бұзылмауын, олардың тең жағдайда болып, әділ түрде күресулерін байқастадық, – деп бастады бізбен әңгімесін Наталья Вшивцева.
– Наталья Николаевна, Қарағанды облысында қанша сайлау учаскесі жұмыс істеді және сіз басқаратын филиалдың байқаушылары осы жауапты науқанға қандай дайындықпен келді?
– Қарағанды облысында 788 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде 38-і кіріп-шығуы шектеулі мекемелерде орналасқан. Осы сайлау учаскелерінің барлығында біздің байқаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиянақты және толыққанды түрде атқарып шықты.
Жалпы, біздің байқаушыларымыз тәуелсіз, біз сайлау үдерісі кезінде қандай да бір басы бөтен шаруаларға араласқан жоқпыз. Бар күшімізді заңдылықтың сақталуын байқастауға жұмсадық. Соңғы он жыл ішінде ұйым даярлап шығарған байқаушылар президенттік, сондай-ақ Парламент сайлауларына қатысып, мол тәжірибе жинаған болатын. Сол себепті сайлау науқаны кезінде байқаушылар тарапынан кемшіліктер мен іркіліс байқалмады.
– Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның өңірлік филиалы байқаушылары тарапынан науқан барысында заңның бұзылғандығы жөнінде қандай да бір ескертулер болды ма?
– Біздің жұмыстағы басты бағыттың бірі байқаушыларды тиянақты түрде даярлау болды. Бұл бағытта біз арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастырдық. Сонан кейін байқаушылардың «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетік білуіне ерекше мән бердік. Сайлау алдында біз сайлау комиссияларының, саяси партиялардың сайлауалды штабтарының өкілдерімен кездесіп, электораттық үдеріс субъектілерінің барлығымен сындарлы түрде әріптестік негіздегі өзара қарым-қатынас орнаттық. Мұның өзі сайлау барысында кемшіліктердің, түрлі мәселелердің орын алмауына зор ықпалын тигізді.
Қолдағы бар мәліметтерге сүйене отырып, біздің Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы ашық, әділ және барлық демократиялық талаптарға сай өтті деп толық сеніммен айта аламын.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55