АСТАНА. 21 наурыз. «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес, Ассамблея мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына ҚХА кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беру аяқталды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Сайлаушылардың жалпы саны – 446 адам. Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны – 372. Дауыс беруге 372 сайлаушы қатысты. Үміткерлерге берілген дауыстардың саны мынадай: Абдраxманов Сауытбек Абдраxманұлы – 345, Божко Владимир Карпович – 349, Жұмаділдаева Наталья Васильевна – 343, Ким Роман Ухенович – 346, Микаелян Наринэ Гамлетовна – 336, Мурадов Ахмед Сейдарахманович - 339, Нурумов Шаймардан Усаинович – 337, Тимощенко Юрий Евгеньевич – 341, Хахазов Шакир Хусаинович – 342», – делінген Астана қалалық сайлау комиссиясының xаттамасында.
«Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық заңының 94-1-бабына сәйкес, ҚХА сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланған үміткерлердің тізімін Орталық сайлау комиссиясы 27 наурызға дейін жариялауы тиіс.
«Алдын ала нәтижелер жарияланды. Негізгі қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы шығарады. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚХА сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді», – деді Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.
Парламент Мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады.
Айта кетейік, 2 наурыз күні ҚХА атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген болатын.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: inform.kz.
• 21 Наурыз, 2016
Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13