Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижесі бойынша «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, мәлімдеме жасады.
Біз Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты «Нұр Отан» партиясының лайықты да тарихи жеңісімен құттықтаймыз, дей отырып, партия төрағасы кешегі өткен сайлаудың әділ де ашық болғандығына назар аударды. Сонымен қатар, осынау сайлау Елбасының тәуелсіздігіміз бен еркіндігімізді нығайту үшін, кешегі қабылданып жатқан 5 институттық реформа мен Ұлт Жоспары — «100 нақты қадамды» іске асыру бағытында жүргізіп отырған саясатының жалпыұлттық қолдауға ие екенін тағы бір рет көрсетіп берді. Елбасы туының төңірегіне жиналған халық еліміздің болашағы мен елдегі тұрақтылық үшін, ынтымақ пен бірлік жолында дауыс берді деп есептейміз, деді партия төрағасы.
Сондай-ақ, «Ауыл» партиясы атынан өзге саяси партиялардың басшыларына сайлаудағы жеңісімен құттықтау жолданды. Бұл ретте, сайлауда «Ауыл» партиясын қолдап, сенім артып дауыс берген сайлаушыларға ризашылық білдірілді. Саяси дода болғаннан кейін онда алға қойған мақсаттар болатыны, алдағы уақытта оны орындау үшін «Ауыл» партиясы әлі де болса жұмыс жасайтыны қадап айтылды. Және де кешегі Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау теңдей бәсекелестік ортада өткенін, барлық партиялар үшін үгіт-насихат шараларын жүргізуге мол мүмкіндіктер жасалғанын жеткізді.
Партия төрағасының сөзіне қарағанда, барлық партияларға өздерінің сайлауалды жұмыстарын жүргізуге толықтай жағдайлар жасалды. Ол: «Бұл сайлау еліміздің әрі қарай тұрақты дамуы мен қоғам және мемлекет арасында сындарлы келісімді құруға мүмкіндік беретін дер кезінде жасалған, маңызды қадам болды», деді. Және де біз өзіміздің сайлауалды шараларымызды жүргізіп, саяси бағдарламамызды жұртшылыққа жеткізе алдық. Қазақстандықтардың саяси мәдениеті биік және азаматтық ұстанымы жоғары екеніне кешегі сайлау кезінде тағы да көз жеткіздік. Ел тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, барлықтарыңыздың шаңырақтарыңызға шаттық, береке мен бірлік тілеймін, деді партия төрағасы.
Эльмира МӘТІБАЕВА,
«Егемен Қазақстан».

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13