Қазақстан Президентінің Жарлығымен Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Аймақ активіне оны Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин таныстырды.
Ашығын айтқанда, жаңа өңір басшысының есімі батысқазақстандықтарға бұған дейін де жақсы таныс деуге болады. Өйткені, ол өңірде облыс әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі қызметтерін адамдармен ортақ тіл табыса отырып атқарған. Соның қай-қайсысында да ол өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарай білгеніне ел-жұрт куә.
Облыс активі алдында сөз алған А.С.Көлгінов бұл Елбасы мен ел тарапынан өзіне көрсетілген үлкен сенім мен жоғары жауапкершілік екенін айта келіп, осы екі бірліктің үдесінен шығуға, өзінің жастық жігерін облыс экономикасын одан әрі көтеруге жұмсайтынын жеткізді. Әрі алда тұрған күрделі міндеттерді облыс жұртшылығымен және жаңадан сайланған мәслихат депутаттары корпусымен бірлесе отырып атқару өзі үшін үлкен мерей екенін айтты. Сондай-ақ, активте Үкімет басшысы К.Мәсімов ежелгі өркениет өңірі атанған Ақжайық аймағын төрт жылдан астам уақыт басқарған Нұрлан Ноғаевтың атына оң пікір білдірді.
Соның ішінде Премьер-Министр оның облысқа қажетті инвестициялық қаражат тарта білудегі ерекше еңбегіне екпін түсірді. Әлемде қалыптасып отырған бүгінгі күрделі қаржы-экономикалық жағдайлар мен елімізде өндірілетін шикізаттық сектор бағасының дүниежүзілік рынокта төмендеп кетуі жағдайында бұл – атап айтуға тұрарлықтай жақсы қасиет. Инвестициялық тартымдылық қай кезде де қажет, деп түйіндеді өз сөзін Кәрім Қажымқанұлы.
Өз кезегінде Нұрлан Ноғаев Орал өңірінде батысқазақстандықтармен қоян-қолтық, тізе қосып еңбек еткен кезеңі жадында ғұмыр бойы сақталатынын айтып, бірлесе атқарған нәтижелі іс үшін активке қатысушыларға ризашылығын жеткізді.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
ОРАЛ.

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54
Елімізде бес айда 3 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды
Қылмыс • Бүгін, 09:39
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан халықаралық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:34
Telegram мессенджері уақытша бұғатталды
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19
АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50