29 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
А.С. Көлгіновті Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 26 наурыз. № 219

Без имени-1Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ

1978 жылы туған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академия­сын, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Ағылшын, түрік тілдерін меңгерген. Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (департаментінің) бас маманы, прокуроры болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары,  Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарына тағайындалған. 2013 жылғы сәуірден – Орал қаласының әкімі.