– мектеп оқушысының инновациялық жобасы
Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импульсын басқаратын құрылғы ойлап тапты. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық конкурста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын.
Жаңа құрылғыны №19 физика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Гайдаренконың көмегімен құрастырып шығарған. Ол зерттеу жұмысымен бесінші сыныптан бері айналысып келеді екен.
– Адам білегіне жалғанған сым арқылы біз биоимпульсты аламыз. Алақанымды қысқан кезде биоток трансформаторға түсіп, мың есе күшейеді. Осыдан соң атқарушы механизмді іске қосатын сызбанұсқаға орналасады. Халықаралық конкурста екінші орын алғаным үшін маған ҰБТ-ның 125 балдық сертификатын тапсырды, – дейді Александр Данилов.
Бұл мектепте дарынды балалар жеткілікті. Александр сияқты талантты мектеп оқушыларының бірі – Бақтияр Қабашев. Ол жарамсыз болып қалған люминисценттік шамдарды екінші мәрте қолданудың жолдарын ойлап тапты.
– Жұрт күйіп кеткен шамдарды қоқысқа тастауды жөн көреді. Ал олардың құрамында адам денсаулығына кері әсерін тигізетін сынап бар. Осыған байланысты мен люминисценттік шамдарды қайтадан пайдаланудың жолдарын қарастырдым. Алдағы уақытта бұл екі конденсатор алты диод және бір резистордың көмегімен жұмыс істейтін болады, – деді Бақтияр Қабашев.
Айта кетейік, ғалымдар Александр Даниловтың жобасын өнеркәсіпте, медицинада, авиацияда және тұрмыстық жағдайларда қолдануға болады деп санайды. Ал Бақтияр Қабашевтың жұмысы люминисцентті шамдардың қауіптілігінен сақтайды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26