ҚОСТАНАЙ. 29 наурыз. Облыстық ішкі істер басқармасының есірткімен күрес бөлімінің қызметкерлері жеке секторда тұратын зейнеткер әйелдің үйінен 200 грам героин тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бірінші түйіншекті полицейлер зейнеткер жатқан диванының астынан тапты. Героин полиэтилен қалтада сақтаулы екен. Полицейлер үйдің ауласын одан әрі тінтіді. Ауладағы құрылыс ішінен екінші түйіншекті тапты. Ол да героин болып шықты. Екеуін өлшегенде 200 граммға жетті. Бұл өте үлкен көлемдегі салмақ болып табылады. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті Рудный қаласындағы уақытша ұстау орнына жіберілді.
Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз есірткі айналмының 122 фактісі тіркелді. Олардан 3 килограмға жуық есірткінің бірнеше түрі тәркіленді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
• 29 Наурыз, 2016
Қостанайда зейнеткер 200 грамм героинмен ұсталды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше