07 Сәуір, 2016

Қытайда лай көшкінінен 3 адам мерт болды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016 chinaАСТАНА. 7 сәуір. Қытайдың оңтүстік-шығыс аймағында лай көшкінінен 3 адам мерт болды. Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Құтқарушылардың айтуынша, табиғат апатынан тағы 3 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Жергілікті басшылық бұл маңайда өткен аптаның соңынан бері толассыз жаңбыр жауғанын мәлімдеді. Осының салдарынан 7 провинцияға шығын келген. Сондай-ақ, соңғы мәліметтерге сәйкес, 240 мыңнан астам тұрғын зардап шегіп отыр. Қазіргі кезде 1300-ге жуық адамға әлеуметтік жәрдем көрсетілсе, тағы 1000-нан астам тұрғынға көмек қажет. Тосын табиғат сыйынан 14 мың гектар жер су астында қалған. Ал алдын ала болжам бойынша, жалпы шығынның көлемі 23 миллон долларды құрайды. Аян Әбдуәли. Дерек: «Синьхуа». Фото: 24.kz.