Оқиға • 20 Мамыр, 2024

Ақтөбеде наубайханадан ірі өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шағын наубайханадан ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде наубайханадан ірі өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды

фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, оқиға салдарынан ғимараттан 40 адам эвакуацияланды.

«Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шағын наубайхана өртенді. Баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде бес бала бар», деп хабарлады ведомстводан. 

Өрт сөндірушілер жалынды дереу сөндірді.