07 Сәуір, 2016

УЕФА Чемпиондар лигасында «Вольфсбург» «Реалды» ұтты

315 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
"519438650" АСТАНА. 7 сәуір. Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалы одан әрі жалғасты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Германияның «Вольфсбург» клубы Мадридтің «Реал» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен ұтты. Екінші матчта «Пари Сен-Жермен» Англияның «Манчестер Сити» клубымен ойнап, 2:2 есебімен тең тарқасты. «Вольфсбург» (Вольфсбург, Германия) – «Реал» (Мадрид, Испания) 2:0 (2:0) Осы күні Вольфсбург қаласында кішігірім сенсация болды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінен алғаш рет ширек финалға шыққан алаң иелері атақты «Реал» командасынан айласын асырып, сан соқтырып кетті. Бұл матчта «қасқырлар» қарсыластар қақпасына екі доп соғып, жеңіске жетті. Бірінші гол 18 минутта 11 метрлік пенальтиден соғылды. Оны Риккардо Родригес орындады. Екінші допты 25 минутта Арнольд соқты. Ал жалпы ойын қызықты да тартысты өтті.  Екінші таймда «Реал» есепті теңестіргісі келді. Алайда одан ешнәрсе шықпады. 72 минутта Роналдудың есепті қысқартуға мүмкіндігі болған еді. Оны тиімді пайдалана алмады. Осы матчта «Реалдың» сапында Бейл жақсы өнер көрсетті. УЕФА Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы қарсыластардың бірінші матчтары. 6 сәуір. Вольфсбург. «Фольксваген-Арена» стадионы. Төреші: Рокки Джанлука (Италия). «Вольфсбург»: Бенальо (капитан), Виейринья, Налдо, Данте, Родригес, Гилавоги, Густаво, Энрике (Трэш 80’), Арнольд, Дракслер (Шафер 90'), Шюррле (Крузе 85’). «Реал»: Навас, Данило, Пепе, Рамос (капитан), Марсело, Модрич (Иско 64’), Касемиро, Кроос (Родригес 85’), Бэйл, Бензема (Хесе 41’), Роналду. Голдар: Родригес 18 (пенальти) , Арнольд 25 Ескерту алды: Виейринья 19, Бенальо 53, Густаво 61, Арнольд 69’ — Бэйл 69’ 07.04.2016 AST-1 «Пари Сен-Жермен» – «Манчестер Сити» 2:2 (1:1) Бұл кездесуде жанкүйерлер алаң иелерінен жеңісті күткен болатын. Сол үшін де «Пари Сен-Жерменнің» бас жаттықтырушысы Мануэль Пелегрини алаңға Ди Мария, Ибрагимович, Кавани сияқты танымал ойыншыларды шығарды. «Манчестер Сити» де ойынға бес қаруын асынған құрамымен келді. Ол бес қаруы дегеніміз ағылшындардың қорғаныста, алаңның ортасында және шабуылға шығатын үздік бес ойыншысы. Кездесуде осы бес ойыншы жұмылып, «ПСЖ-ның қақпасына бірінен соң бірі соққылар жасап отырды. Бірінші голды да соққан осылар болды. Ойынның 38 минутында Де Брёйне алаңның ортасынан ұйымдастырылған әдемі шабуылды соңына дейін жеткізіп, есепті ашты. Одан кейін «ПСЖ» тез есін жиып, арада үш минут өткеннен кейін есепті теңестірді. Бұл голды Ибрагимович соқты. Матчтың екінші жартысы тіптен қызық өтті. Командалар қауіпті жағдайлар жасап, қорғаушылар мен қақпашыларының мазасын алды. Осындай кезде алаң иелерінің ойыншысы Рабио 58 минутта гол соғып, «ПСЖ-ны» алға шығарды. Бұл есеп таблода 14 минуттай көрсетіп тұрды. 72 минутта оны «Манчестердің» жартылай қорғаушысы Фернандиньо өзгертті. Кездесуде алаң иелерінің тағы бір гол соғуға мүмкіндігі болды. Алайда Златан Ибрагимович 11 метрлік пенальтиді соға алмады. 6 сәуір. Париж. «Парк де Пренс» стадионы. Төреші: Мажич Милорад. «ПСЖ»: Трапп, Силва, Орье (Ван дер Виль Грегори 78’), Луис, Максвелл, Матуиди, Ди Мария, Мотта, Рабио (Лукас 78’), Кавани, Ибрагимович. «Манчестер Сити»: Харт, Клиши, Отаменди, Мангала, Санья, Де Брёйне (Делф 77’), Навас, Фернандо, Фернандиньо, Сильва (Бони 88’), Агуэро (Коларов 90’). Голдар:Ибрагимович 41, Рабио 59 –  Де Брёйне 38, Фернандиньо 72 Ескерту алды: Луис 1, Матуиди 48’ — Клиши 11, Фернандо 36’ , Мангала 83’ , Навас 85’ Дастан Кенжалин. Дерек, фото: eurosport, euro-football.ru Видео: vkontakte әлеуметтік желісі.