Қоғам • 20 Мамыр, 2024

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 20 мамырда Алматы уақытымен 10:10-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Фото: bigox.kz

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 380 км жерде) орналасқан.

«Сезілгені туралы мәлімет (MSK-64 шкаласы бойынша) - Алматы қ. 2 балл. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ», делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.