Қоғам • Бүгін, 18:42

Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ҰБТ сертификаты Малайзияның Жоғары білім министрлігі тарапынан ресми түрде танылып, ел университеттерінің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық түлектер ҰБТ сертификатымен Малайзия университеттеріне түсе алады

Бұл қазақстандық талапкерлердің академиялық даярлығын бағалау жүйесінің халықаралық деңгейде мойындалуының маңызды көрсеткіші болды.

Енді қазақстандық түлектер Малайзияның бірқатар университеттеріне міндетті Foundation даярлық бағдарламасын өтпей-ақ, ҰБТ сертификаты арқылы оқуға түсе алады. Сонымен қатар ағылшын тілінде оқытылатын білім беру бағдарламаларына түсу үшін IELTS, TOEFL немесе баламалы сертификаттар арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау талаптары сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды жаңбыр – бірегей бастама

Экономика • Бүгін, 16:07