Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, қаза тапқандардың жақындарының бірқатары өтемақы алып үлгерген. Кейбір отбасыларда өтемақыны кім алатыны сот арқылы анықталып жатыр.
«Қазір кейбір істер сотта қаралуда. Алайда төлем жасауға міндетті әзербайжандық және ресейлік сақтандыру компаниялары өтемақы төлеуге дайын. Жақын уақытта шешім қабылданады деп ойлаймын. Барлық жолаушы азаматтығына қарамастан толық өтемақысын алады», деді Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ ол Қазақстан тарапы зардап шеккен азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауда ұстап отырғанын және төлем кезінде ешқандай кемсітушілікке жол берілмейтінін атап өтті.
Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты, олардың ішінде Қазақстанның алты азаматы болған.