Қоғам • Бүгін, 19:05

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Жазатайым оқиға Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды  Egemen.kz

Жезқазғанда кәріз коллекторын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті жерде «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ-ның 11 қызметкері жұмыс істеген. Шұңқырдан көтерілу кезінде 43 жастағы слесарь шұңқырға түсіп кетті. Оған көмек көрсетуге тырысқанда, тағы бір жұмысшы құлады.

45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі

Әріптестері зардап шеккендерді арқанмен тартып алды. Алайда ер адамдардың бірі сол жерде қайтыс болды. Екіншісі кәріз коллекторының жедел ингаляциялық газбен улану диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланды.

Қаза тапқан азамат аталған ұйымда 18 жыл жұмыс істеген.

Естеріңзіге салайық, өткен жылдың қазан айында Қарағанды облысында коммуналдық жұмыстар кезінде екі қайғылы оқиға орын алған еді. Жезқазғанда қызметкер топырақ үйіндісінің астында қалып қойса, екінші оқиға  Қарағандыда кәріз құбырларын ауыстыру кезінде екі жұмысшы көз жұмған болатын.

Соңғы жаңалықтар