07 Сәуір, 2016

Граната жарылып, екі әскери қызметкер жараланды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016 granataҚАРАҒАНДЫ. 7 сәуір. Қарағанды облысына қарасты Қарабас кентіндегі полигонда өткізілген оқу-жаттығу шаралары барысында граната оқыстан жарылып, екі әскери қызметкер жарақат алды. Бұл туралы тoday.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарақат алғандардың бірі 6505 әскери бөлімшесінің полковнигі Қайрат Үмбетов болса, екіншісі осы бөлімшеде әскери борышын өтіп жүрген сарбаз Абзал Сұлтанқұлов. Мәліметтерге сәйкес, әскерилердің жарақаты соншалықты ауыр емес. Полковник қара саннан жараланса, сарбаздың жамбасына жарықшақ тиген. Қазіргі уақытта екеуі де амбулаториялық емдеуге ауыстырылған. Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: today.kz. Фото: front.bg.