07 Сәуір, 2016

Жапонияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016 japanАСТАНА. 7 сәуір. Жапонияда әскери ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әуеге көтерілгеннен кейін елдің оңтүстік-батысында радардан жоғалып кеткен. Артынша, көп кешікпей U-125 патрульдік ұшағы оңтүстік аймақта таудан табылды. Kudo агенттігі бортта 6 адамның болғандығын әрі оқиға орнында бәрінің қаза тапқаны жөнінде ақпарат таратты. Мәліметтерге сәйкес, Кючю аралында Кагосима префектурасындағы таулы жерде апатқа ұшыраған. Іздеу-құтқару жұмыстарына 600-ге жуық әскери қызметші мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Аян Әбдуәли. Дерек: inform.kz. Фото: blog.livedoor.jp.