Қоғам • 20 Мамыр, 2024

Балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда шығармашылық үйірмеге жазылу кезегін енді автоматты ақпараттық жүйе жүргізеді. Онда баланың және заңды өкілінің толық аты-жөні (болған жағдайда), шығармашылық үйірменің түрі, өтінімнің нөмірі мен уақыты, кезекте тұрған реттік нөмірі көрсетіледі. Ақпараттық жүйе ұсынған мәлімет негізінде шығармашылық үйірмелердің тізбесі құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сілтеме жасап.

Балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді

фото: sportishka.com

Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініштері бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір шығармашылық үйірмесі бойынша жеке құрылады.

«Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар ақпараттық жүйеге бірінші кезекте тіркеледі», делінген құжатта.

Заңды өкілдердің өтінішті кері қайтаруына немесе жолдама алуына, сонымен қатар балалардың кезектен кетуіне байланысты кезекте тұрған позиция төмендейді, ал кезекке қайтарылуына байланысты өсу бағытында жылжиды. Бұл ереженің 14-тармағына сәйкес іске асырылады.

Айта кетсек, кезекте орындарды ауыстыруға рұқсат етілмейді.

«Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі», деп түсіндірді министрлік өкілдері. 

 

 

Алтынай АБДЫШ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар