07 Сәуір, 2016

«Қайрат» клубына жаңа бас жаттықтырушы келді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2016 AST-3 АСТАНА: 7 сәуір. Бүгін «Қайрат» футбол клубының жаңа бас жаттықтырушысы болып белгілі грузиялық маман Кахабер Цхададзе тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кахабер Цхададзені өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары футболды тамашалаған жанкүйерлер жақсы біледі. Ол алдымен Тбилисидің «Динамо» командасында, одан кейін Германияның «Айнтрахт», Англияның «Манчестер Сити», Мәскеудің «Динамо» мен «Спартак» клубтарында ойнаған. Сонымен бірге ол ТМД құрамасында жасыл алаңға шығып, кейін біраз жыл Грузия ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен. Жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Сол кезде Грузияның «Локомотив» командасын жаттықтырған. Осы қызметтен кейін Кахабер Цхададзе «Сиони», Бакудың «Стандарт» және «Интер» клубтарында жұмыс істеген.  Биылғы жылға дейін Грузияның ұлттық құрама командасын жаттықтырды. Жаттықтырушы ретінде ол екі рет Грузияның, бір рет Әзербайжанның чемпионатын жеңіп алды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: fckairat.kz 07.04.2016 AST-4