07 Сәуір, 2016

Еменнен жасалған орындық 394 мың долларға сатылды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-04-2016 harry potterАСТАНА. 7 сәуір. «Гарри Поттер» кітаптарының авторы Джоан Роулингтің 1930 жылы еменнен жасалған орындығы арнайы ұйымдастырылған аукционда 394 мың долларға сатылды. Бұл туралы informing.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Танымал жазушының Эдинбур қаласындағы үйінде осыған ұқсас төрт орындығы бар. Ерекшелігі Джоан Роулинг әйгілі кітаптардың екі томын осы жиһаздарда отырып жазған. Аукционға қоярдан бұрын ол «сыртқы келбетіне қарап бағаламаңыздар, мен «Гарри Поттерді» осы орындықта жаздым» деген жазуын қалдырды. Айта кетейік, оның сиқыршы «Гарри Поттер» туралы кітаптары бірнеше марапатқа ие болып, 400 миллион дана көлемінде сатылды. Кейін тарихтағы сатылымы мол кітаптар сериясына айналып, сұранысы жоғары фильмдердің қатарына енді. Аян Әбдуәли. Дерек: informing.ru. Фото: obk.kz.