08 Сәуір, 2016

Балалық шақ – бал дәурен

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Тұран» колледжінде Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасы мен осы оқу орны бірігіп, «Балалық шақты қорғау» атты дөңгелек үстел өткізді. Онда балалар құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және құқықтық қоғамды қалыптастыру мәселелері талқыланды. Жиынға Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Д.Тыныштығұлова, білім басқармасының жасөспірімдер құқығын қорғау бөлімінің басшысы Л.Орынбасарова, «Құқық» қоғамдық қорының бас­шысы О.Рыль, Астана қаласы ішкі істер басқармасының полиция капитаны Г.Гафур, «Тұран» колледжі білім беру мекемесінің құрылтайшысы Қ.Құдайбергенов қатысып, маңызды тақырып шеңберінде әңгіме қозғады. Бұдан соң «Тұран» кол­леджінің 1-3 курс студент­тері арасында өткізілген «Өз құқығыңды біл!» атты автор­лық плакаттар бай­қауы­ның қоры­тындысы жарияланып, жеңім­паздар анықталды. Атап айтсақ, І орынды «Сәулет» мамандығының 2-курс студенті Марат Қуанышқалиев, ІІ орынды «Сәулет» маман­дығының 1-курс студенті Қабдуәли Қаб­дулинов, ал ІІІ орынды «Сәу­лет» мамандығының 2-курс сту­дент­тері Арман Мәжитов пен Рауан Рысбек иеленді. Раушан СҮЛЕЙМЕНОВА.