Ұлттық музейде Венгриядағы халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай
«ХХ ғасырдың ұмытылмаған тағдырлары» атты шара өтті.
Ұлттық музей директорының орынбасары Жазира Күлбаева көпшілік біле бермейтін бұл күннің ерекшеліктеріне тоқтала келіп, халықтардың бір-бірінің мәдениеті мен тарихын етене танып-білуі үшін, әлемдегі бейбітшілік пен татулыққа құрылған мұндай шаралардың айтарлықтай рөл атқаратындығын айтты.
– 31 мамыр еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып саналады. Ал Венгрия мемлекетінде, сол сияқты, сәуірдің 16-сы күні Холокост құрбандарын еске алу дәстүрге айналған. Әрине, оның бәрі де орны толмас қасіреттер. Қалай десек те бейбіт заманға ештеңе жетпейді. Әлемде ұлт араздығы, қантөгіс болмасын. Адамзат тыныштық пен өзара келісімде өмір сүрсе екен дейміз. Себебі, бұл барлығымыздың баға жетпес асыл құндылығымыз болып табылады, – деді Ж.Күлбаева.
Жиынға қатысып сөз сөйлеген Венгрияның Қазақстандағы елшісі Андраш Барани жазықсыз айдауға түскен еврей ұлтының Холокост қаласындағы қазіргі өмірі туралы әңгімелей келе, тарихи құрбандарды еске алу шарасын өткізуге жағдай жасаған Ұлттық музейге алғысын жеткізді.
– Қазіргі уақытта Венгриядағы еврей ұлты бейбіт тірлік кешіп жатыр. Олардың жайлы өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Біз Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары еврейлердің көзін жаппай жоймақ болған нацистердің қылмыстарын айыптаймыз әрі жазықсыз қудалауға ұшырағандарды мәңгі жадымызда сақтаймыз. Бүгінгі іс-шараны өткізуге мүмкіндік туғызғандарыңыз үшін Ұлттық музей басшылығына рахмет айтамыз, – деді А.Барани.
Ресей еврей конгресі музейі қорының бас қор сақтаушысы Наталья Анисина ешкімді бейжай қалдырмайтын көрме туралы ойын ортаға сала келе, Холокост оқиғасының салдарына тоқталды.
– Бұған дейін аталмыш көрме Мәскеуде, Екатеринбургте, Калининградта өтті. Әлбетте, мұндай қорқынышты жылдар артта қалса да ол біздің жадымызда. Талай жазықсыз жанның қаны төгілді. Оның ішінде балалар да, қарттар да бар. Олардың ұрпақтарының тағдыры не болды? Бұл – өте ауыр сұрақ. Әлемде бейбітшілік салтанат құрсын. Соғыс, бүлік болмасын, – деді Н.Анисина.
Еске сала кетейік, көрмеге 30-40-жылдарғы оқиғаларға орай тағдырлары күрт өзгеріске ұшыраған венгрлік ғалымдардың, жазушылардың, актерлердің, спортшылардың, музыканттардың өмірбаянынан хабар беретін суреттер қойылды.
Қаршыға КҮЛЕН

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше