АСТАНА. 22 сәуір. Мексиканың Веракрус штатындағы Petroquimica Mexicana de Vinilo мұнай-химия компаниясында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бейсенбі күні оқиға орнына мемлекет президенті Энрике Пенья Ньетоның өзі келіп, марқұмдардың отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.
Айта кетейік, аталған штатқа қарасты Коатсакоалькос қаласындағы зауытта 20 сәуір күні жойқын жарылыс болды. Салдарынан 136 адам түрлі деңгейде жарақат алды.
Қазір апат аймағында тергеу амалдары жүріп жатыр. Жарылыстың неден шыққаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша газдың істен шыққаны себеп болуы мүмкін. Компания басшылығы жағдайды түбегейлі анықтауға уәде берді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Фото: 24.kz.

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше