АСТАНА. 22 сәуір. KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсенов Венгрияның Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы болып тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ақтөбе қаласында Венгрияның Құрметті консулдығының ашылу салтанаты кезінде екі елдің іскерлік кеңесінің тең төрағасы дәрежесіндегі сіңірген еңбегі ескеріліп Жамболат Сәрсеновке дипломатиялық міндет жүктелді.
Салтанатты іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Андраш Барани, Венгрия сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хатшысының орынбасары Жолт Чутора қатысты.
Консулдықтың жұмысы Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарын қамтиды.
Аталған шарадан кейін Ақтөбе облысының бизнес қоғамдастығымен кездесуі өтті. Онда екі ел кәсіпкерлерінің әлеуетті мүмкіндіктері туралы да сөз қозғалды. Кездесуде бизнесмендер венгриялық және қазақстандық компаниялардың бірлескен мұнай-газ және басқа да жобаларға қатысуға елеулі мүмкіндіктері бар екенін атап көрсетті.
Дастан Кенжалин.
Дерек: KAZENERGY қауымдастығы.
Фото: egemen.kz
• 22 Сәуір, 2016
Венгрияның Қазақстандағы құрметті консулы тағайындалды

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше