бірқатар тәртіп бұзушылықты анықтады
Бұрнағы күні республикалық Есеп комитетінде «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына орай жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды. Жиынға Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінен, сондай-ақ, бірқатар ведомстволық мекемелерден басшылар қатысты.
– Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңдерінде Байланыс және ақпарат комитетіне бөлінген 145 миллион теңгеге қатысты қаржы заңын бұзушылық орын алды. Қазір мұның 142 миллион теңгесі қазынаға қайтарылды. Сонымен қатар, мемлекет қаржысынан бөлінген 41 миллиард теңгенің 14,6 миллиарды тиімсіз пайдаланылған, – деді Есеп комитетінің мүшесі А. Горяинов жиында.
Комитет мүшесі өз сөзінде аудиттік тексеру аясындағы қорытындымен ғана шектелмеді. Ол, сондай-ақ, отандық БАҚ өкілдері шетелдік журналистер секілді оқиғаны халыққа дер кезінде жеткізу жағынан кем түсіп жататынына және еліміз телеарналарының рейтингілері түсіп кеткеніне тоқталды.
Алайда, «Хабар» АҚ басқарма төрағасы Айдос Үкібаев бұл пікірмен келіспейтінін білдірді.
– Мүмкін біз ресейлік БАҚ-тан танымдық контент жағынан қалып келерміз, алайда, ақпараттық-идеологиялық жағынан ешбір есе жібермейміз. Мұны саяси науқандар нәтижесінен байқауға болады, – деді ол. Мұнан кейін Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов сөз алып, еліміздегі ақпарат құралдарының атқарып келе жатқан жұмыстары жайында жан-жақты баяндады. Ал отырысты қорытындылау барысында Есеп комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин отандық БАҚ жетекшілеріне ішкі аудит және заң қызметінің жұмыстарын жандандыруды ұсынды.
Талғат РАЙЫМБЕК,
«Егемен Қазақстан»

Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Бүгін, 21:33
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30