Дәл осы хиджаб киген қыздардың айналасында достарымызбен қаншама рет дауласпадық. Біреуі дұрыс десе, екіншісі қазақ қызы қашан хиджаб киіп еді деп кері уәж айтады.
Бірде үйдің маңындағы автокөліктердің темір-терсектерін сататын дүкенге барсам, сондағы сатушы қыздар бастарына орамал тартып, ұзын етек көйлек киіп, тұмшаланып алыпты. Имандылыққа бой ұсына бастаған екен-ау деп қуанып қалдым.
Бір күні сол қыздардың бірімен бір автобусқа міндік. Бірнеше аялдамадан кейін бір егде кісі көлікке отырып, дәл сол қыздың қасына барып тұрды. Түріндегі уылжыған жастықты, басына тартқан орамалын көргеннен болар. Әлгі хиджаб киген қызымыз дәл жанында тұрған қарт адамды көріп тұрып, мізбақпай, отыра берді.
Осының бәрін көріп отырған автобустағы екі кексе әйел әңгіме бастады. «Қазақ қызы қашан хиджаб киіп еді?» деп әңгімені алыстан орағытып бастаған біріншісінің сөзін екіншісі де қоштай кетті.
– Ата-бабамыз кимеген осы пәлені еріккен, еліктеген айдаладағы біреулер ғана киетін сияқты көрінетін. Енді міне, өз үйімізде де біреуі сүйретіліп жүр, – деді сырт келбеті зиялылау көрінген апай бірден күйініп, дауысын шығара сөйлеп.
– Балаларыңыз имандылыққа бет бұрса неге қайғырасыздар? Атеизммен өскен сіздердің енді сәждеге бастарыңыз тиюі қиын шығар?! – деді сөздерін естіп отырған ағай.
– Келінім ғой, әу бастан-ақ имансыз емес еді.
– Қуанбайсыз ба?
– Несіне қуанам. Сөлпілдетіп хиджаб киіп, бір уағыздардан қалмайтын болып алыпты. Бала-шағасымен, байымен шаруасы жоқ. Сүйретіліп, шалынып жүріп, мектепке баратын немерелеріме тамақ та дұрыс бермейді, сабақтарына да қарамайды. Жақында баламды да, келінімді де ұрып-ұрып алдым.
– Ойбай-ау, ол қандай келін, енесіне ұрғызып қарап тұрған?
– Өзім онсыз да күйіп-пісіп жүрсем, жақында үлкен келін хабарласып тұр. «Қайнымыз ертең үйленгелі жатқанын естіген шығарсыз?» дейді сүйінші сұрағандай. Күйеуі жаңа қатын алып жатқанда келінім қайда қарап отыр деп, байбалам салып, таңертең үйлеріне барсам, үшеуі шай ішіп отыр. Хиджаб киген келініміз екінші әйелмен некелесуге рұқсат берген көрінеді. Шариғатта еркектің айтқаны заң дейді. Содан кейін, «Сөлпеңдеген сүмелек-ау, бала-шаға түгілі, байыңа да ие бола алмай қалыпсың ғой», деп баламды да, келінді де соғып-соғып жібердім. Екеуінің ортасында отырған албастыны қуып шықтым үйлерінен, – деп ұзақ оқиғаны қысқа қайырды. Естіп отырғандар ойланып қалды.
Аз уақыт қана үнсіз қалған әйел:
– Әй, сонда Аллатағала бала-шағаңа қарамай, хиджаб киіп жүрсең жұмаққа барасың демейтін шығар?! Қартайғанда осы маған қайғы болды. Бейнеттен кейін, зейнет көрудің орнына сөлпеңдеген әйелдің артын жинаумен келе жатырмын. Немерелеріме барып тамақ істеймін, үйлерін жинаймын, сабақ оқытқызамын. Хиджаб киіп, өтірік сызылғанша, отбасына ие болып отырмай ма, әйел деген?! – деді автобуста отырған қызға ызалана қарап.
Жақында төмендегі мына жәйтті естуге мәжбүр болдым. Менің таныстарымның таныстарының танысының қызы да басына орамал тартып, тұмшаланып жүретін. Мешітке барады, намаз оқиды дегенді де еститінбіз. Сол таныстарымның таныстарының танысының үйінде жақын туыстарының ұлы тұрып жатқан. Ол да намаз оқиды, мешітке барады екен дегенді құлағымыз шалған. Жастар имандылыққа көптеп бет бұрып жатыр екен-ау, деп бұған да қуандық.
Жақында сол қыз әлгі туысқан жігіттен аяғы ауыр болып қалыпты деген жаңа қауесет шықты. Бетің бар, жүзің бар демей айтып салатын досым Шәрипа: «Хиджаб кигендері, мешіттен шықпай намаз оқығандары қайда? Бастарын жапқанша, өздеріне өздері ие болмай ма» деп салды дүйім көптің алдында...
Айнаш ЕСАЛИ.
Алматы.

«Таза парақтан» реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?
Салық • Бүгін, 17:43
Елнұр Бейсенбаев: Конституциялық реформа саяси партиялардың институционалдық рөлін арттырады
Реформа • Бүгін, 17:35
Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды
Саясат • Бүгін, 17:22
Семейде ер адам полицияның қызметтік көліктерін өртеп жіберді
Оқиға • Бүгін, 17:18
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды
Құрылтай • Бүгін, 16:48
Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Берік Уәли қысқы Олимпиадаға қатысатын шаңғышыға сәттілік тіледі
Қысқы спорт • Бүгін, 16:32
«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?
Туризм • Бүгін, 16:24
Әлеуметтік желідегі бетбұрыс: Неліктен оқырманның аз болғаны жақсы?
Қоғам • Бүгін, 16:21
Ұлттық банк ескі 10 000 теңгелік банкноталардың қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін
Қаржы • Бүгін, 16:15
Елордада тариф бағасын негізсіз көтерген кәсіпорын 54 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 16:05
Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады
Қоғам • Бүгін, 15:52
«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік»: Батырға арналған энциклопедиялық жинақ жарық көрді
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:40
Атыраулықтар алаяқтардың шотына 1,2 млрд теңге аударған
Аймақтар • Бүгін, 15:38