Фото: Ашық дереккөз
Атырау қалалық прокуратурасының мәліметіне қарағанда, кейінгі жылдары жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 1 297 145 114 теңгеге жеткен.
Алаяқтық тыйылмай тұр: Жеке кәсіпкер жазықсыз жаза арқалады
«Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, жалған сайттар мен хабарламаларды кеңінен пайдаланып отыр. Көбінесе олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі немесе таныс адам ретінде таныстырып, жеке деректерді, банк картасының реквизиттерін немесе кодтарды алуға тырысады. Осыған байланысты азаматтардан бейтаныс сілтемелерге өтпеуді, жеке және банк деректерін үшінші тұлғаларға бермеуді, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуді, алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласуды сұраймыз», деп хабарлады қалалық прокуратурадан.