Тағайындау • Бүгін, 08:47

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Соңғы жаңалықтар