Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Онда 2006 жылғы 15 тамыздағы Ресей мен Қазақстан аумағында орналасқан қос мемлекеттің теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы үкіметаралық келісімдерге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыға салынбақ.
2012 жылы Павлодарда жасалған хаттама арқылы бұрынғы келісімге жүктерді тасымалдау кезінде келісілген тарифтік саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуді екіұдай түсінуге жол бермейтін өзгерістер енгізілмек.
Сонымен қатар, жалпы отырыста Мәжіліс Сауд Арабиясы Корольдігімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы, сонымен қатар, Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран ұшырғыштардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары жұмысқа қабылданады деп күтілуде.
Бюро отырысында алтыншы сайланған Парламент Мәжілісі мен шетел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтардың құрамы және палата делегацияларының халықаралық парламенттік ұйымдар мен парламентаралық бірлестіктердегі құрамы мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10