Қаражал қайтіп күн көрер?
Қаражал қала мәртебесін 1963 жылы алды. Сол кезде қалада жалғыз ғана банк бөлімшесі жұмыс істеді. Ел егемендік алған тұста ол БТА банктің бөлімшесі болып қайта құрылды. Кейіннен бұл банк бөлімшесі жабылып, оның орнына «Казкоммерцбанк» АҚ-тың бөлімшесі ашылып, жағдайымыз тіпті де жақсара түскен болатын. Қала тұрғындары жалақысын, зейнетақысын, балалардың жәрдемақысын, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері зейнетақыларын, «Өркен-Атасу» тау-кен комбинатының жұмысшылары еңбекақыларын осы банк бөлімшесінен алып жүр. Банк қызметкерлері жұмыстарына тиянақты, кішіпейіл, әдепті. Қаражал тұрғындары атынан алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Енді осы «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесін жоғарғы жақтағылар «жабамыз» деп хабар жіберіпті. Бұл Қаражал қаласы халқының басына жай түскендей әсер етті. Неге десеңіз, «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесінен несие алдық, бизнес саласындағы қызметкерлердің есепшоттары бар, басқа банк жүйесіне ақша аударады, депозиттеріміз бар. Бұл банк бөлімшесі жабылса қай банкке барамыз?
Қаражал қаласында екі банк бөлімшесі бар, бірі – осы «Казкоммерцбанк» АҚ, екіншісі «Халық банкі» АҚ. Жиырма мыңға жуық халқы бар Қаражал қаласына бір банк әлбетте аздық етеді. Клиенттеріне қызмет көрсетіп үлгере алмайды деп ойлаймыз. «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесінен алған несиелерімізді қай банкке апарып төлейміз, депозиттерімізді қайда сақтаймыз? Облыс бойынша Қаражал ең шалғайда орналасқан қала – Жезқазған қаласы 300 шақырым, Қарағанды қаласы болса 420 шақырым қашықтықта. Қазіргі нарық қысып тұрған заманда Қаражал қаласында тұратын халықтың жағдайын кім ойлайды? Қаражал қаласында орналасқан «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесінің жабылмауына кім септігін тигізе алар екен? Мұндағы елдің жанайқайына құлақ салар кім бар-ау?
Ауданбай АСАНБАЕВ
Қарағанды облысы

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10