«SOS!» деп айқайлағың келеді кейде. Адамдардың қатыгезденіп, жүрегі қатып, кісілік келбетін жоғалтып жатқанын көргенде кімнен көмек сұрарыңды да білмейсің. Қарапайым ғана адамгершілік деп аталатын сезімнің өзі жоғалудың алдында тұр ғой. Мейірім дейтін үлкен қасиетті әркімнің бойынан кездестіре бермейсің бүгінде. Егер мейірім мен махаббат болса, онда жаңа туған сәбиін дәретханаға тастай ма? Адамдар қағаз ақша үшін бірін-бірі өлтіре ме? Тұтастай отбасын қойша қырып кете ме? Қыздың арын таптай ма? Адамдар із-түзсіз жоғалып кете ме?
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі шулап қоя берді. Шиелі ауданының Бестам ауылында тұратын 16 жастағы қыз жоғалып кеткен. Тағы қандай сұмдық болды екен деп зәреміз кетті. Өйткені, жас қыздардың жоғалып, денесі таудың аңғарында, жолдың бойында табылып жатқан жағдай жоқ емес. Сәуірдің 18-і күні сабаққа кетіп, содан оралмаған оқушыны ағайын-туысқанынан бөлек, құқық қорғаушылар да сабылып іздеді. 2-сабақтан кейін ешкімге ештеңе айтпай кетіп қалған. Жұрт табанынан тозды. Әсіресе, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі күні-түні жұмыс істеді. Жас қыздың жоғалу фактісі бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімнің тұрпаттық бейнесі, ерекше белгілері жасалды. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық барлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар тексеріліп, құрбылары мен достарынан түсініктемелер алынды. Аталған фактіге себеп боларлық жайттар, барлық болжамдар жан-жақты қаралды. Осындай еңбектің арқасында қыз табылды. 21 сәуір күні түскі сағат 14.30 шамасында Қызылорда қаласынан қуанышты хабар келді. Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторлары Абай Мәдиев пен Мақсат Сыздықов қызды Қызылорда қаласы, әуежай аумағындағы танысының үйінен тауып алған. Оның жалпы жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Ал үйінен не үшін кетіп қалғаны, неге ата-анасына амандығын айтып ескертпегені анықталып жатыр.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы

Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Бүгін, 19:01
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 18:48
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Бүгін, 17:59
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Бүгін, 17:24
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Бүгін, 16:56
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Бүгін, 16:34
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10