ҚАРАҒАНДЫ. 23 сәуір. Қарағанды облысында автокөлігіне 250 кило заңсыз ауланған балық тиеген браконьер ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарағанды облыстық ІІД жергілікті полиция қызметіне қарасты табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық» рейдтік іс-шарасы кезінде «Балқаш-Саяқ» автожолында «УАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 47 жастағы ер адамға тиесілі аталған машинаның ішінен бес қапқа салынған салмағы 250 кило болатын балық табылды.
Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, келтірілген шығын анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше